Сандықтау ауданы Сандықтау ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округінің шекарасын, аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 13 бабының 4 тармағына, 14 бабының 6) тармақшасына, 21 бабының 4 тармағына, 22 бабына, Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 16 қыркүйегіндегі №22/2 «Сандықтау ауданының Сандықтау ауылдық округі әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы» қаулысына сәйкес ауылдық округ әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы, Сандықтау ауданы аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлаймыз.
Сандықтау ауданының Сандықтау селолық округі әкімін сайлау бойынша сайлау округі – Сандықтау сайлау округі Сандықтау селолық округінің шекарасында.
Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Орналасқан орны: Балкашин ауылы, Абылай хан көшесі, 117, тел: 8 (716) 40 9-30-03.
Сандықтау аудандық сайлау комиссиясының құрамы: төрайым – Назарович Светлана Васильевна, төрайымның орынбасары – Черемухин Артем Сергеевич, хатшы – Тасмағамбетова Айбаршын Тлеуғабылқызы, комиссия мүшелері: Айсин Тимур Маратұлы, Виноградова Галина Ивановна, Нурбаева Бахыт Хайрулловна, Шапарь Светлана Николаевна.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы