Сандықтау ауданының Сандықтау ауылдық округі әкімінің
сайлауын тағайындау туралы
ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Сандықтау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2022 жылдың 16 қазанына Сандықтау ауданы Сандықтау селолық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
- 2022 жылғы 16 қазанға тағайындалған Сандықтау ауданы Сандықтау ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Сандықтау аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Сандыктауский край» газетінде жариялансын.
Сандықтау ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының
төрайымы С.Назарович
Сандықтау сайлау
комиссиясының хатшысы А.Тасмагамбетова