Анықтама
2022 жылдың 1 мамырдағы арналған аудан бюджетінің атқарылуына қатысты
2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша кірістер бойынша атқарылу жоспардағы 186 206,8 мың теңге 227 935,2 мың теңгені немесе жоспарға 122,4% - ды құрады, асыра орындау сомасы 41 728,4 мың теңгені құрады.
Шығыстар: жоспар 1 074 285 мың теңге болғанда орындалуы 1 072 909,7 мың теңгені құрады, яғни 99,9%, орындалмауы 1 375,3 мың теңгені құрады, оның ішінде:
Республикалық бюджеттен түсетін трансферттер – жоспар бойынша 56 321,0 мың теңге, орындалуы 56 280,2 мың теңгені немесе 99,9% құрады, орындалмау сомасы 35,3 мың теңгені құрады, оның ішінде:
-26,1 мың теңге АӘК қайта есептеуге байланысты кезеңге талап етілмеген қаражат;
- 9,2 мың теңге-кезеңге үнемдеу.
Облыстық бюджеттен түсетін трансферттер – жоспар бойынша 12 957,5 мың теңге, орындалуы 12 106,6 мың теңгені немесе 96,1% құрады, орындалмау сомасы 490,9 мың теңгені құрады, оның ішінде:
-488,6 мың теңге мүгедектерді протездік-ортопедиялық, тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету;
- 2,3 мың теңге-кезеңге үнемдеу.
Жергілікті бюджет қаражаты - жоспар бойынша 1 005 006,5 мың теңге, орындалуы 1 004 157,4 мың теңгені құрады, яғни 100,0% орындалмаған сома 849,1 мың теңгені құрады, оның ішінде бюджеттің 4-ші деңгейінің кіріс бөлігінің орындалмауына байланысты 765 мың теңге.