2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша кірістер бойынша атқарылу жоспардағы 100003,7 мың теңге 116974,2 мың теңгені немесе жоспарға 117,0% - ды құрады, асыра орындау сомасы 16970,5 мың теңгені құрады.
Шығыстар: жоспар бойынша 515649,4 мың теңге орындау 515555,0 мың теңгені құрады, яғни 100,0%, орындамау 94,4 мың теңгені құрады, оның ішінде:
Республикалық бюджеттен түсетін трансферттер – жоспар бойынша 188,0 мың теңге, орындалуы 184,6 мың теңгені немесе 100,0% құрады, орындалмау сомасы 3,4 мың теңгені құрады - дөңгелектеу есебінен үнемдеу.
Облыстық бюджеттен түсетін трансферттер – жоспар бойынша 4888,0 мың теңге, орындалуы 4886,5 мың теңгені немесе 100,0% құрады, орындалмау сомасы 1,5 мың теңгені құрады - дөңгелектеу есебінен үнемдеу.
Жергілікті бюджет қаражаты - жоспар бойынша 492573,4 мың теңге болса, орындалуы 492483,9 мың теңгені құрады, яғни 100,0% орындалмау сомасы 89,5 мың теңгені құрады, оның ішінде:
- 37,0 мың теңге ТКШ,ЖК,АЖ және ЖИ бөлімі бойынша байланыс қызметтері бойынша қазынашылықта шарт тіркелмеген;
- Ауданның барлық мекемелері бойынша кезеңге 52,5 мың теңге үнем.