Жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету

2017 жылы жетілдіру және процессті жеңілдету мақсатында проактивті мемлекеттік қызмет көрсету іске асырылған.
Проактивті тәсіл арқылы қазіргі уақытта келесі қызметтерді алуға болады:
- мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы
- асыраушысынан айырылу себебі бойынша, бала туу бойынша және баланың бір жасқа толуына дейінгі баланы күту бойынша жәрдемақы
- "Алтын алқа", "Күмісалқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға арналған мемлекеттік жәрдемақы
- көп балалы аналарға арналған мемлекеттік жәрдемақы
- жұмысынан айырылу, жұмыс атқару мүмкіндігінен айырылу, асыраушысынан айырылу және баланы күтуге байланысты «МӘСҚ» АҚ-нан әлеуметтік төлемдерді тағайындау
Проактивті қызмет алу үшін маңызды шарт Азаматтардың мобильдік базасында тіркелуі болып табылады. Ол үшін азаматтарға ХҚКО бөлімшесіне бару керек немесе электрондық үкімет порталында тіркелу қажет.

Ары қарай қызмет алушының өтіншінсіз, 1414 қысқа нөміріне келетін SMS-хабарламаларына жауап алу арқылы қызмет іске асырылады. Қатысты жәрдемақыны және әлеуметтік төлемдерді тағайындағаннан кейін қызмет алушыға тағайындалған жәрдемақы сомасы және әлеуметтік төлем туралы хабарламасы қызмет алушының абоненттік нөміріне қысқа мәтінді хабарлама ретінде келеді.
Осылай, Азаматтардың мобильдік базасында тіркелуі жоғарыда көрсетілген қызметтерді кезексіз алуға мүмкіндік береді.

2021 жыл бойынша Ақмола облысында проактивті формада жәрдемақыны рәсімдеуді 9985 адам қолданды, бұл жалпы мемлекеттік қызмет көрсету санынан 16,1 % құрайды.

Барлық сұрақтар бойынша әлеуметтік-еңбек саласындағы Байланыс орталығымен – 1411 «Азаматтарға арналған үкімет» хабарласыңыз (қоңырау тегін).

Дата публикации
21 февраля 2022