ХАБАРЛАМА

2022 жылы 20 ақпанда Сандықтау ауданының Каменка селолық округі әкімінің сайлауы бір округ бойынша өтті.

Сандықтау аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Сандықтау ауданының Каменка ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:  

 

Каменка сайлау округі бойынша әкім сайлауы

Каменка селолық округі:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 891 азамат енгізілді, олардың 535 дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 41, «Бәріне қарсымын» деген жол белгіленген – 37.

Әр кандидатқа берілген дауыстар:

Аркенова М.А. – 181; Духно О.Н. – 71; Кәрімжанов А.Н.– 59, Құсаинова Қ.Ә. - 146.

Каменка селолық округінің әкімі болып Аркенова Майя Амангелдіқызы сайланды, 1971 жылы туған, «Каменка селолық округі әкімінің аппараты» КММ әкімі, Каменка селолық округінің Каменка ауылында тұрады, «Nur Otan»  партиясымен ұсынылған.

 

Дата публикации
21 февраля 2022