Сандықтау ауданы Каменка ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы қорытындылары

2022 жылғы 9 ақпанда Сандықтау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда «2022 жылғы 20 ақпанға тағайындалған Каменка селолық округінің әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы» қаулы қабылданды.

Каменка селолық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы С. В. Назарович баяндама жасады.

Ол 2022 жылғы 9 ақпандағы сағат 18-дегі жағдай бойынша Сандықтау ауданының сайлау комиссиясы Каменка ауылдық округі әкіміне ұсынылған 5 кандидаттың 4 тіркегенін хабарлады.

Тіркелген кандидаттар қатарында 1 (25%) ер адам және 3 (75%) әйел адам.

Мамандықтары бойынша: 3 – педагог, 1 – құқықтану.

Кандидаттар арасында: 1 - коммерциялық құрылымдардың қызметкері;

2-мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері;

1 - мемлекеттік қызметкерлер.

Ағымдағы жылғы 9 ақпан сағат 18.00-ден бастап Каменка ауылдық округі әкімдігіне тіркелген барлық кандидаттар ағымдағы жылғы 19 ақпан сағат 00.00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін кандидаттарға қаражат бөлу қағидалары мен көлемін бекіту туралы» 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/202 қаулысына сәйкес кандидатқа БАҚ өз бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу көзделген: теледидарда - 15 минут; радиода-10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда екі мақаласын жариялау үшін 0,1 баспа парағынан артық емес. Барлық кандидаттарға үгіт жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайларға заңнамамен кепілдік беріледі.

Дата публикации
09 февраля 2022