Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының әкімдіккке кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы

Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының әкімдіккке кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы

 Сандықтау аудандық аумақтық сайлау  комиссиясы  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына  сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап шешті:

  1. 1. Ақмола облысы Сандықтау ауданы Каменка селолық округіне әкімдікке кандидат болып, 1976 жылы туған «Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Каменка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, Каменка селосында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған Құсаинова Қарлығаш Абдуалиқызы тіркелсін.
  2. Ақмола облысы Сандықтау ауданы Каменка селолық округіне әкімдікке кандидат болып, 1971 жылы туған «Каменка селолық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімі, Каменка селосында тұратын, «Nur Otan» партиясы қоғамдық бірлестігінің Сандықтау аумақтық филиалымен ұсынылған Аркенова Майя Амангелдіқызы тіркелсін.
  3. Ақмола облысы Сандықтау ауданы Каменка селолық округіне әкімдікке кандидат болып, 1993 жылы туған «Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Каменка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің психологі, Каменка селосында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған Духно Олеся Николайевна тіркелсін.
  4. Ақмола облысы Сандықтау ауданы Каменка селолық округіне әкімдікке кандидат болып, 1978 жылы туған, «Колос и Золотая Нива» ЖШС инженері, Васильевка селосында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған Кәрімжанов Арман Нарбайұлы тіркелсін.

 

 

 

Сандықтау аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы                                                                          08.02.2022 жыл

 

Дата публикации
08 февраля 2022