«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 13 бабының 4 тармағына, 14 бабының 6) тармақшасына, 21 бабының 4 тармағына, 22 бабына, Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 21 қаңтардағы №1/1 «Сандықтау ауданының Каменка ауылдық округі әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы» қаулысына сәйкес ауылдық округ әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы, Сандықтау ауданы аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлаймыз.
Сандықтау ауданының Каменка селолық округі әкімін сайлау бойынша сайлау округі – Каменка сайлау округі Каменка селолық округінің шекарасында.
Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Орналасқан орны: Балкашин ауылы, Абылай хан көшесі, 117, тел: 8 (716) 40 9-30-03.
Сандықтау аудандық сайлау комиссиясының құрамы: төрайым – Назарович Светлана Васильевна, төрайымның орынбасары – Черемухин Артем Сергеевич, хатшы – Тасмағамбетова Айбаршын Тлеуғабылқызы, комиссия мүшелері: Айсин Тимур Маратұлы, Виноградова Галина Ивановна, Нурбаева Бахыт Хайрулловна, Шапарь Светлана Николаевна.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы