Сандықтау ауданы әкімінің және ауылдық округ әкімдерінің есеп беру кездесулері барысында айтылған ұсыныстарды орындау жөніндегі облыстық іс-шаралар тізбесіне енгізілген іс-шаралардың орындалу барысы туралы ақпарат

№

Іс-шаралар

Орындау мерзімі

 

Жауаптылар

Қаржыландыру көзі

Ақпарат

1

Максимовка ауылында автожолдарды асфальттау бойынша жұмыстарды жүргізу

 01.10.2021 жылға дейін  (мерзімі 31.07.2022 жылға дейін ұзартылды)

 

 

Максимовка ауылдық округі әкімі 

Республикалық  бюджет

Орындалуда. Максимовка ауылында 12,6 км асфальт-бетон жабыны бар кентішілік жолдарды орташа жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Ағымдағы жылы қаражат бөлінген жоқ. Жобаны 2022 жылға арналған "Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасы бойынша іске асыру жоспарлануда.

2

Балкашино ауылындағы орталық көп пәтерлі үйлерді орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосу

01.10.2021 жылға дейін

 

Балкашино ауылдық округі әкімі

 

Облыстық  бюджет

Орындалды. 50 млн. теңге сомасына блокты-модульді қазандықты орнату бойынша жұмыстар аяқталды. Оған көп пәтерлі үйлерді қосу бойынша жұмыстар жүргізілді.

3

Балкашино ауылының көшелерін жарықтандыру бойынша жұмыстарды жүргізу

01.09.2021 жылға дейін

 

Балкашино ауылдық округі әкімі

 

Жергілікті  бюджет

Орындалды. Бүгінгі күні жергілікті бюджет қаражаты есебінен Балкашино ауылының 12 көшесіне көше жарығы шамдарын орнату бойынша 11,2 млн. теңге сомасында жұмыстар аяқталды.

Дата публикации
23 декабря 2021