* ХҚО арқылы:
Ең алдымен өз қалаңыздағы кез-келген ХҚО-ға кезекті онлайн брондап баруды ұсынамыз;
- Бронды растау үшін белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте барыңыз;
ХҚО операторына келесі құжаттарды тапсыру арқылы жәрдемақыға өтініш бере аласыз:
- Жеке куәлік;
- Дәрежеңізді растайтын құжат, яғни кітапша;
- Банкттік есепшот жайлы анықтама;
* SMS хат арқылы:
Егер сіз мобильді азаматтар базасында тіркелген болсаңыз, "Алтын" немесе "Күміс" алқа табысталғаннан кейін, жәрдемақыға проактивті түрде өтініш білдіруге SMS хат келіп түседі.
Хабарламаға оң жауап беріп, банк шотын жазып жіберсеңіз, ХҚО-ға бармай-ақ қоюға болады.
Жәрдемақы мөлшері барлық дәрежелер үшін – 18.524 тг.
Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есепке алмағанда - 7 жұмыс күні.