Көпбалалы отбасы атандыңыз ба? Онда ең алдымен көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны рәсімдеуге асығыңыз. Ал біз, бүгінгі парақшамыздың #oqy&toqy айдарында, жәрдемақыны рәсімдеудің жолын көрсететін боламыз. Аталмыш жәрдемақы тек ХҚО арқылы рәсімделеді☝️
📌Тұрғылықты мекенжайыңызға қарасты ХҚО-ға кезекті алдын ала брондаңыз;
📌Тағайындалған уақыттан ХҚО-ға 20 минутқа ерте барыңыз;
📌Операторға төмендегі құжаттарды өткізу арқылы жәрдемақыға өтініш жазыңыз:
📎Жеке куәлік;
📎Балалардың құжаттары;
📎Банктік есепшот жөніндегі анықтама.
☝️Ескерту, 18 жасқа толған балалары бар отбасыларға жәрдемақы, бала жоғарғы оқу орнының күндізгі бөлімінде оқып жатса және ол 23 жасқа толғанша оқуынан анықтама өткізсе ғана төленеді.
📌Төлем мөлшері:
4️⃣ бала үшін - 46.760 тг;
5️⃣бала үшін – 58.457 тг;
6️⃣бала үшін – 70.154 тг;
7️⃣немесе одан да көп бала үшін - 81.852 тг + 4МРП.
⏰Қызмет көрсету уақыты, құжат тапсырған күнді есепке алмағанда, 8 жұмыс күні.