Егер оралмандар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылса, олар «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша әлеуметтік қолдау шараларын ала алады.
Бюджеттік заңнамаға (ҚР Бюджеттік кодексі, 178-бап) сәйкес түпкілікті қарыз алушылар Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін екенін атап өткім келеді.
Негізгі өлшемшарт – маманның келу орнына қарамастан, ауылдық елді мекенде жұмыс істеуге және тұруға деген ниетінің болуы.
Бұл мәселе әкімші, маман және сенім білдірілген өкіл (агент) арасында жасалған Келісімге сәйкес шешіледі.
Өндірістік жағдайларға байланысты немесе әкімшіліктің (әкімдіктің) бастамасы бойынша үш жыл мерзім өткенге дейін басқа ауылдық елді мекендерге (немесе бір ауылдық елді мекен шегінде) жұмысқа ауыстырылған кезде алынған әлеуметтік қолдау шараларына маманның құқығы сақталады. Сонымен бірге онымен қосымша келісім жасалады.
Егер маман өз бастамасы бойынша, әкімдіктің келісімінсіз, белгіленген мерзімнен аз жұмыс істесе, онда ол ұсынылған әлеуметтік қолдау шараларын толық көлемде қайтаруға тиіс.
Өзектендірілген Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері әкімшіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 6 жұмыс күнін құрайды. (Бұрын көтерме жәрдемақы төлеу – 27 жұмыс күні ішінде, тұрғын үйге бюджеттік кредит төлеу – 47 жұмыс күні ішінде болған).
«Дипломмен ауылға» жобасыныңіске асырылуының барлық кезеңінде, әсіресе ауыл жастары арасында өзектілігін жоғалтпай отыр. Сонымен бірге, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында жобаны іске асыру мерзімдері регламенттелмеген.
Белгілі бір салада кадрлардың жетіспеушілігі мәселелерін шешу үшін әкімдіктерге сұранысқа ие мамандықтар тізбесін қалыптастыруға мүмкіндік берілді. Бұл тізбе аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің ресми сайтында орналастырылады.Бұл тізбе алдағы кезеңге тиісті салада әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну үшін мамандықтар санаттарын айқындауға мүмкіндік береді. Мысалы, өтініштіуақтылы бермеген немесе қаржыландырудың болмауы себебінен әлеуметтік қолдау шараларын ала алмаған білікті сала мамандары (мамандандырылған салалық дәрігерлер, шет тілдері мұғалімдері). Осы норманы енгізгенге дейін Қағидаларда мұндай мүмкіндік болмады және әлеуметтік қолдау шараларын жылдың басында өтініш берген мамандар ғана алды.
Алайда, бұл тізбеге ағымдағы жағдайға қарай өзгерістер енгізілуі мүмкін (қосымша ақша бөлу, басқа мамандардан бас тарту және т.б.).