Қазір зейнетақы жасына толар алдында 10 күн бұрын зейнетақы алушыға қызметті проактивті тәсілмен рәсімдеу ұсынысымен SMS хабарлама келеді.
Потенциалдық зейнетақы алушы міндетті түрде Азаматтардың Мобильді Базасында (АМБ) тіркелуі қажет және "Қазпошта" АҚ, "Ұлттық Банк" АҚ ашылған шоты болуы қажет.
Сонымен қатар 2019 жылдан бастап "Көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау" мемлекеттік қызметін проактивті көрсету бойынша пилоттық жобаны іске қосылуы орын алды.
Алдағы уақытта "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында проактивті режимде мемлекеттік қызмет көрсетуді ұлғайту жоспарланған.
Ағымдағы жылдың 9 ай аралығында проактивті формада 6333 мемлекеттік қызметі көрсетілген.
Проактивті форматтың артықшылығы: кезектің болмауы және мемлекеттік қызметті кез келген уақытта, үйден шықпай-ақ рәсімдеу мүмкіндігі.