Құрметтi сауда-саттыққа әлеуеттi қатысушылар!
«Сандықтау ауданының жер қатынастары бөлiмi» КММ 2021 жылдың 09 қарашадағы сағат 10:00-де (жергiлiктi уақыт) мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында www.gosreestr.kz (бұдан әрі-Портал) жер учаскелерін жеке меншікке сату бойынша бағаны өсіру әдісімен электрондық аукцион өткізілетінін хабарлайды.
Аукционға қатысуға өтінімдер беру «Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларын бекіту туралы» Қ.Р. Үкіметінің 2011 жылғы 09 тамыздағы №920 қаулысына және «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі- Қағидалар) ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Аукционға қатысуға өтінімдерді беру және тіркеу тізілімнің веб-порталында аукцион өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жүзеге асырылады және аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады, ол аяқталғаннан кейін қатысушылар берілген өтінімді кері қайтарып ала алмайды.
Аукционға қатысу үшін:
1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;
4) байланыс деректерін (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет.
Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет. Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді. Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына рұқсат беріледі. Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион сату объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша басталады. Әрбір сатылған сату объектісі бойынша аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы мен жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сауда-саттық өткізілген күні тізілімнің веб-порталында қол қояды. Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату объектісінің сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін белгілейтін құжат болып табылады. Сатып алу-сату шарты немесе жалдау шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦК пайдалана отырып сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік екі жұмыс күні ішінде мерзімде оған қол қояды.
Аукционға қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың деректемелеріне енгізіледі: Төлемді алушы: АО «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ; БСН: 050540004455; ТТК: 171; БЕК: 16. Есеп айырысу шоты (IBAN/ИИК) «Қазақстан Халық Банкі» АҚ: KZ946017111000000330; БСК: HSBKKZKX. Жеңiмпазға ол сауда-саттықтардың нәтижелерi туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайда кепiлдiк жарнаны қайтармайды. Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар аукционға қатысушы бірыңғай операторға тізілімнің веб-порталында қатысушының қол қойылған ЭЦҚ арқылы, өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.
Бағаны көтеру әдiсiн қолдана отырып аукционға мынадай сату объектiлерi қойылады:
Жер учаскесiнiң орналасқан жерi — Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Ұлан ауылы;
Жер учаскесiнiң алаңы (гектар) — 5,1500;
Сату объектiсi (құқық түрi) — жеке меншік;
Жер учаскесiне ауыртпалық салу — жоқ;
Жер салығының сомасы (теңге) — 29 664;
Бастапқы бағасы (теңге) — 3 708 000;
Кепiлдiк жарнаның сомасы (теңге) — 185 400;
Жер учаскесiнiң орналасқан жерi — Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Приозерное ауылы;
Жер учаскесiнiң алаңы (гектар) — 0,7500;
Сату объектiсi (құқық түрi) — жеке меншік;
Жер учаскесiне ауыртпалық салу — жоқ;
Жер салығының сомасы (теңге) — 6 480;
Бастапқы бағасы (теңге) — 810 000;
Кепiлдiк жарнаның сомасы (теңге) — 145 850;
Жер учаскесiнiң орналасқан жерi — Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы;
Жер учаскесiнiң алаңы (гектар) — 0,5000;
Сату объектiсi (құқық түрi) — жеке меншік;
Жер учаскесiне ауыртпалық салу — жоқ;
Жер салығының сомасы (теңге) — 3 456;
Бастапқы бағасы (теңге) — 1 080 000;
Кепiлдiк жарнаның сомасы (теңге) — 145 850;
Жер учаскесiнiң орналасқан жерi — Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Петровка ауылы, Әлия Молдағұлова көшесі;
Жер учаскесiнiң алаңы (гектар) — 0,3150;
Сату объектiсi (құқық түрi) — жеке меншік;
Жер учаскесiне ауыртпалық салу — жоқ;
Жер салығының сомасы (теңге) — 2 359;
Бастапқы бағасы (теңге) — 294 840;
Кепiлдiк жарнаның сомасы (теңге) — 145 850;
Жер учаскесiнiң орналасқан жерi — Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Петровка ауылы, Абай көшесі;
Жер учаскесiнiң алаңы (гектар) — 0,9600;
Сату объектiсi (құқық түрi) — жеке меншік;
Жер учаскесiне ауыртпалық салу — жоқ;
Жер салығының сомасы (теңге) — 7 188;
Бастапқы бағасы (теңге) — 898 560;
Кепiлдiк жарнаның сомасы (теңге) — 145 850;
Жер учаскесiнiң орналасқан жерi — Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Петровка ауылы, Абай көшесі;
Жер учаскесiнiң алаңы (гектар) — 0,3000;
Сату объектiсi (құқық түрi) — жеке меншік;
Жер учаскесiне ауыртпалық салу — жоқ;
Жер салығының сомасы (теңге) — 2 246;
Бастапқы бағасы (теңге) — 280 800;
Кепiлдiк жарнаның сомасы (теңге) — 145 850;
Жер учаскесiнiң орналасқан жерi — Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Петровка ауылы, Абай көшесі;
Жер учаскесiнiң алаңы (гектар) — 0,3600;
Сату объектiсi (құқық түрi) — жеке меншік;
Жер учаскесiне ауыртпалық салу — жоқ;
Жер салығының сомасы (теңге) — 2 696;
Бастапқы бағасы (теңге) — 336 960;
Кепiлдiк жарнаның сомасы (теңге) — 145 850;
Жер учаскесiнiң орналасқан жерi — Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы;
Жер учаскесiнiң алаңы (гектар) — 0,3000;
Сату объектiсi (құқық түрi) — жеке меншік;
Жер учаскесiне ауыртпалық салу — жоқ;
Жер салығының сомасы (теңге) — 2 074;
Бастапқы бағасы (теңге) — 648 000;
Кепiлдiк жарнаның сомасы (теңге) — 145 850;
Жер учаскесiнiң орналасқан жерi — Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Красная поляна ауылы;
Жер учаскесiнiң алаңы (гектар) — 0,5000;
Сату объектiсi (құқық түрi) — жеке меншік;
Жер учаскесiне ауыртпалық салу — жоқ;
Жер салығының сомасы (теңге) — 4 032;
Бастапқы бағасы (теңге) — 504 000;
Кепiлдiк жарнаның сомасы (теңге) — 145 850.
Сауда-саттықта тiркелген учаскенiң аукциондық құны аукцион барысында белгiленген бағаның 50% мөлшерiнде аванстық төлем түрiнде сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 5 банктiк күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төленедi, қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 30 күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей енгiзiледi.
Аукционға қатысу үшін кепілдік жарна сауда-саттық объектісінің ең төменгі бағасының бес пайызын құрайды, бірақ елу айлық есептік көрсеткіштен кем емес. Бұл ретте кепілдік жарна әрбір сауда-саттық объектісі бойынша жеке енгізіледі.
Аукционға қатысуға өтiнiмдердi қабылдау және аукционға қатысушыларды тiркеу www.gosreestr.kz. сайтта хабарланған күннен бастап жүргiзiледi.
Анықтама телефоны 8 (716 40) 9-13-56.