2021-2023 жылдарға Сандықтау ауданының арналған азаматтық бюджет
(бекітілген)
1-параграф. Бюджеттік процесінің қысқаша сипаттамасы
2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджеттің қалыптастыру шығыстардардың бірыңғай бюджеттік сыныптамасын ескере отырып, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес, жаңа бюджеттік саясат тұжырымдамасында айқындаұған тәсілдерге негізделді.
Осы Бюджет кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) бюджет - мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры;
2) бюджет жүйесi – бюджеттердiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттiк процестер мен қатынастардың жиынтығы;
3) бюджет қаражаты – мемлекеттiк меншiкке түсуі және жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiң ақшасы мен өзге де активтерi;
4) бюджет қаражатын алушылар – бюджет қаражатын бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi арқылы алатын және оны бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;
5) бюджет процесi – мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген, бюджеттi жоспарлау, қарау, бекiту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есептілікті, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу, мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау, бюджеттiк мониторинг және нәтижелердi бағалау жөнiндегi қызметi;
6) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;
7) бюджеттік қатынастар - бюджет процесінде туындайтын қатынастар;
8) бюджеттік операциялар - бюджетті атқару процесінде жүзеге асырылатын операциялар;
9) есепті қаржы жылы - жоспарлы кезеңнің ағымдағы қаржы жылының алдындағы жыл;
10) жоспарлы кезең - ағымдағы қаржы жылынан кейінгі үш қаржы жылы;
11) кезекті қаржы жылы - ағымдағы қаржы жылынан кейінгі жыл;
12) қаржы жылы - бюджеттің атқарылуы жүзеге асырылатын, күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталып 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңі;
13) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган - тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында функцияларды жүзеге асыратын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
14) бекітілген бюджет - Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат бекіткен бюджет;
15) нақтыланған бюджет - атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат қабылдаған өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, бекітілген бюджет;
16) бюджет тапшылығы (профициті) кірістер мен шығындар, таза бюджеттік кредиттеу және қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо арасындағы айырмаға тең. Теріс белгісімен алынған шама - бюджет тапшылығы, оң белгімен алынғаны - бюджет профициті болып табылады;
17) бюджет тапшылығын қаржыландыру қарыз алу және бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабу жолымен қамтамасыз етіледі.
Бюджет процесінде республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің және мәслихатының аппараттары, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі уәкілеттік берген атқарушы органдар аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылады.
Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің аппараттары осы әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылады.
1.2. Бюджет процессінің сызбасы
1) әлеуметтік-экономикалық даму болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мен елдегі жағдай және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы ескеріле отырып, жылжымалы негiзде бес жылдық кезеңге арналып жыл сайын әзiрленедi:
2) бюджеттік өтінім шығыстар көлемін негіздеу үшін кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жасайтын құжаттардың жиынтығы болып табылады;
3) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы аумақты дамытудың тиісті бағдарламасында айқындалған мақсаттармен, нысаналы индикаторлармен не мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктермен өзара байланысты жергілікті бюджет шығыстарының бағытын айқындайды.
4) тиісті қаржы жылы ішінде бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жергілікті бюджеттердің көрсеткіштерін өзгерту жергілікті бюджеттерді нақтылау болып табылады.
Аудандық бюджетті оның атқарылуы барысында нақтылау осы Кодекске сәйкес тиісті жергілікті атқарушы органның және (немесе) мәслихат депутаттарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады. Аудандық бюджетті нақтылау жөніндегі ұсыныстарды тиісті бюджет комиссиясы қарайды.
5) Секвестр бюджет қаражатының шығыстарын белгілі бір шектерде қысқартуды көздейтін арнайы тетікті білдіреді, ол республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару кезінде бекітілген түсімдер республикалық және жергілікті бюджеттерге толық түспеуі салдарынан бекітілген бюджеттік бағдарламаларды толық көлемде қаржыландыру мүмкін болмаған жағдайларда енгізіледі.
6) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жергілікті атқарушы органдардың қаулылары, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің шешімдері және өзге де нормативтік құқықтық актілері негізінде түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, кезекті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы бекітілген (нақтыланған) бюджеттің көрсеткіштерін өзгерту бюджетті түзету болып табылады.
7) міндеттемелердің уақтылы қабылданбау, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдердің уақтылы жүргізілмеу себептерін анықтау, бюджет түсімдері мен шығыстарының атқарылу болжамдарын жасау мақсатында жүзеге асырылатын бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін тұрақты және жүйелі жинау, бақылап отыру және талдау бюджеттік мониторинг болып табылады.
8) бухгалтерлік есепке алу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен және есепке алу саясатымен регламенттелген мемлекеттік мекемелердің операциялары туралы ақпаратты жинаудың, тіркеудің және жинақтаудың тәртіпке келтірілген жүйесін білдіреді;
9) Қаржылық есептілік мемлекеттік мекеменің қаржылық жағдайы және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпаратты білдіреді;
10) есепті қаржы жылындағы бюджеттің - ауданның бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей есепті қаржы жылындағы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге әкімдікке, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
2-параграф. Бюджетті жоспарлау, бекіту, нақтылау
2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 379-VI Қазақстан Республикасының «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңымен 2021 жылдың 1 сәуердегі орнатылды:
Түсімдер
2021 жылы ауданның меншікті кірісі 452 633 мың теңгені, 2022 жылы – 465 407 мың теңгені, 2023 жылы 465 407 мың теңгені құрайды.
Жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттерді есепке ала отырып, 2021 жылда аудан бюджетіне түсімдер көлемі 3 841 645 мың теңге көлемінде жоспарланды, оның ішіндегі 2 197 984 мың теңге субвенцияларға және нысаналы трансферттерге – 1 191 028 мың теңге.
мың теңге
|
Түсімдер |
2021 жыл (жоспар) |
2022 жыл (жоспар) |
2023 жыл (жоспар) |
|
Барлығы: кірістер |
4 595 127,5 |
2927270 |
2652441 |
|
Салықтық түсімдер, оның ішінде: |
428 366 |
439158 |
439158 |
|
Табыс салығы |
4 223 |
4350 |
4350 |
|
Әлеуметтік салық |
237 376 |
242438 |
242438 |
|
Мулікке салынатын салықтар |
71 108 |
73241 |
73241 |
|
Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар |
112 390 |
115762 |
115762 |
|
Заңдық маңызы бар әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер |
3 269 |
3367 |
3367 |
|
Салықтық емес түсімдер |
14 555,2 |
15017 |
15017 |
|
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер |
11 596 |
11232 |
11232 |
|
Трансферттер түсімдері, оның ішінде: |
4 140 610,3 |
2461863 |
2187034 |
|
Ағымдағы нысаналы трансферттер |
616 190,2 |
0 |
0 |
|
Дамуға нысаналы трансферттер |
1 326 436,1 |
274829 |
0 |
|
Субвенция |
2 197 984 |
2187034 |
2187034 |
|
Бюджеттік кредиттерді өтеу |
14 408 |
0 |
0 |
|
Қарыздар түсімі |
43 755 |
0 |
0 |
Жалпы сипаттағы (субвенциялар) трансферттердің көлемі – 2021 жылға 2197984 мың теңгені, 2022 жылға – 2187034 мың теңгені, 2023 жылға – 2187034 мың теңгені құрады.
2021-2023 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі саясаты аудан экономикасының тиімді дамуын көтеру үшін жағдайлар жасаумен бірге мемлекетпен кепілденген міндеттерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау болып табылады. Сонымен бірге әлеуметтік сала дамуының негізгі шығысын қарастыратын шығындардың әлеуметтік домнанты сақталғанын атап өту керек. Барлық бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлері толық көлемде қаржылай қаражатпен қамтылған (еңбекақыны, коммуналдық қызметтерді төлеу, әлеуметтік төлемдер ескерілген).
2021 жылға аудан бюджетінің шығын көлемінде жалпы сомасы 1 191 028,0 мың теңге болатын мақсатты нысаналы трансферттер көзделген, оның ішінде:
276 856,0 мың теңге облыстық бюджеттен;
914 172,0 мың теңге республикалық бюджеттен.
Аудан бюджетінің шығындар 4 543 633,7 мың теңге сомасында қарастырылған.
2021-2023 жылдарға бектілген бюджет құрады
мың теңге
|
Функционалдық топтар бойынша |
2021 жыл |
2022 жыл |
2031 жыл |
|
Барлығы |
4 543 633,7 |
2927270 |
2652441 |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер |
395 205,2 |
184018 |
1184993,0 |
|
Қорғаныс |
10 299,7 |
7321 |
7339 |
|
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі |
3 790,0 |
628 |
628 |
|
Әлеуметтік көмек және элеуметтік қамсыздандыру |
279 755,5 |
98191 |
98592 |
|
Тұрғын үй-қоммуналдық шаруашылық |
1 101 806,7 |
284655 |
5051 |
|
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік |
376 312,4 |
369071 |
370744 |
|
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары |
41 387,5 |
39665 |
39841 |
|
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі |
31 493,3 |
19023 |
19152 |
|
Көлік және комуникация |
164 237,8 |
7479 |
7479 |
|
Басқалар |
220 784,0 |
9308 |
9308 |
|
Трансферттер |
29 624,2 |
29723 |
29723 |
|
Қарыздарды өтеу |
1 888 937,2 |
1878188 |
1879591 |
|
Бюджеттік кредиттер |
43 755 |
0 |
0 |
|
Бюджеттік кредиттерді өтеу |
14 408 |
0 |
0 |
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
Аудандық бюджеттің шығындары саласында мемлекеттік қызмет көрсету және ұстауға бағытталған жергілікті атқарушы органдардың (аудан әкімінің аппараты, аудандық мәслихат, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары, экономика және қаржы бөлімі, ТҮКШ бөлімі, кәсіпкерлік бөлімі).
«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» саласына шығындар 2021-2023 жылдарға құрады
мың теңге
|
Атауы |
2021 жыл
|
2022 жыл
|
2023 жыл
|
|
Барлығы |
395 205,2 |
184018 |
184993 |
|
Мәслихатының аппараты |
24 275,2 |
17600 |
17712 |
|
Аудан әкімінің аппараты |
146 297,6 |
113974 |
114511 |
|
Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
142 633,6 |
12810 |
12894 |
|
Ауданның экономика және қаржы бөлімі |
70 336,6 |
30026 |
30202 |
|
Ауданның кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі |
11 662,2 |
9608 |
9674 |
Қорғаныс
Аталған функционалдық топ бойынша шағындар әскери есепке қою мақсатымен әскер қатарына шақыру участкелерінде есепке алуға, әскер қатарына шақыру жасындағы боз балаларды есепке алуға бағытталған әскер қатарына шақыруды ұйымдастыру және жүргізу бойынша шараларды өткізуге.
«Қорғаныс» саласына шығындар 2021-2023 жылдарға құрады
мың теңге
|
Атауы |
2021 жыл
|
2022 жыл
|
2023 жыл
|
|
Барлығы |
10299,7 |
7321 |
7339 |
|
Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар |
5864,7 |
5886 |
5904 |
|
Аудан ауқымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою |
4 114 |
1 114 |
1 114 |
|
Аудандық (қалалық) ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендерде өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шаралар |
321 |
321 |
321 |
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметті
Аталған функционалдық топ бойынша шығындар жол белгілерін орнату және ауыстыру бойынша шараларға қарастырылды.
Осы салаға шығындар 2021-2023 жылдарға құрады:
мың теңге
|
Атауы |
2021 жыл
|
2022 жыл
|
2023 жыл
|
|
Барлық |
3 790,2 |
628,0 |
628,0 |
|
Елді мекендерде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету |
3 790,2 |
628,0 |
628,0 |
Әлеуметтік блок (әлеуметтік сала)
Әлеуметтік блокқа аудан бюджетінің шығындары өзіне 2 функционалдық топты қосады: әлеуметтік қамту, әлеуметтік көмек және мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеністік.
2021-2023 жылдарға арналған аудан бюджетінің негізгі шығыс бөлігі
әлеуметтік саланы дамытуға кетеді, демек бюджет әлеуметтік бағытталған.
Толығымен, әлеуметтік салаға аудан бюджетінің шығыны 2021 жылы жалпы шығын көлемінің 16,9 % құрайды немесе абсолютті ерекшелікте 654150,9 мың теңге.
Әлеуметтік қөмеқ және элеуметтік қамсыздандыру
Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек саласында басты бағыттарының бірі болып өмір сапасын жақсарту, мүмкіндігі шектеулі адамдар қоғамында ықпалдандыру үшін жағдайлар жасау және қолдау табылады. .
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін және басқа мұқтаждарды, халықтың әлсіз қорғанған қабатын материалды қолдау – әлеуметтік мемлекеттік саясаттың басты басымдылығы.
Толығымен осы салаға 2021-2023 жылдарға арналған аудан бюджетінде 444 647,3 мың теңге қарастырылған (2021 жылы – 247864,31 мың теңге, 2022 жылы – 98191 мың теңге, 2019 жылы – 98592 мың теңге).
Әлеуметтік қөмек және элеуметтік қамсыздандыру саласына шығындар 2021-2023 жылдарға құрады:
мың теңге
|
Атауы |
2021 жыл
|
2022 жыл
|
2023 жыл
|
|
Барлығы |
279 755,5 |
98 191 |
98 592 |
|
Жергілікті деңгейде халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер |
27 379,9 |
23 578 |
23 738 |
|
Жұмыспен қамту бағдарламасы |
57 007,1 |
12 416 |
12 416 |
|
Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринар мамандарына отын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету |
26 209 |
0 |
0 |
|
Мемлекеттiк атаулы әлеуметтік көмек |
52 017 |
3404 |
3404 |
|
Тұрғын үйге көмек көрсету |
441 |
441 |
441 |
|
Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек |
19351 |
18785 |
18785 |
|
Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету |
478 |
478 |
478 |
|
Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу |
694 |
694 |
694 |
|
Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету |
30 388 |
14017 |
14131 |
|
Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететiн тіл маманының қызметтерін ұсыну |
19 495,5 |
6105 |
6105 |
|
Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету |
41 068 |
18273 |
18400 |
|
Қазақстан Республиқасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту |
6 487 |
0 |
0 |
Осы функционалды топқа жалпы сомасы 175 553,6 мың теңге трансферттер бөлінді, оның ішінде:
республиклық бюджеттің трансферттер есебінен 122 041,8 мың теңге:
|
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге, оның iшiнде: |
48 613,0 |
|
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге |
40 013,0 |
|
кепілдік берілген әлеуметтік топтамаға, оның ішінде төтенше жағдайға байланысты азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтармен қамтамасыз етуге |
8 600,0 |
|
Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға |
4 490,0 |
|
Техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдар Тiзбесiн кеңейтуге |
1 822,0 |
|
Spina bifida диагнозымен мүгедек балаларды бір реттік қолданылатын катетерлермен қамтамасыз етуге |
175,0 |
|
Еңбек нарығын дамытуға, оның iшiнде: |
40 436,0 |
|
жалақыны ішінара субсидиялауға және жастар практикасына |
8 534,0 |
|
жаңа бизнес-идеяларды іске асыруга мемлекеттік гранттар беруге, оның ішінде NEET санатындағы жастарға, аз қамтылған көпбалалы отбасы мүшелеріне, аз енбекке қабілетті мүгедектерге |
17 502,0 |
|
қоғамдық жұмыстарға |
14 400,0 |
|
Мемлекеттік халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін жұмыскерлердің жалақысына қосымша ақы белгілеуге |
19 633,0 |
|
Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық құралдар, тифлотехникалық құралдар, санаторий-курорттық емделу, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, арнаулы жүріп-тұру құралдары, қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететін тіл маманының қызметтері мен қамтамасыз ету |
6 872,8 |
облыстық бюджеттің трансферттер есебінен 52 782,7 мың теңге:
|
Қыска мерзімдік кәсіби оқытуды іске асыруға |
3 455,0 |
|
Жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз етуге |
566,0 |
|
Халықты жұмыспен қамту орталықтарында әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар мен ассистенттерді еңгізуге |
16 035,0 |
|
Ауылдық жерлерде тұратын педагогтер үшін отын және коммуналдық қызметтерді төлеуге |
26 209,0 |
|
Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық құралдар, тифлотехникалық құралдар, санаторий-курорттық емделу, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, арнаулы жүріп-тұру құралдары, қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететін тіл маманының қызметтері мен қамтамасыз ету |
6 517,7 |
|
Аутизммен және мінез-құлық бұзылулары бар балалармен жұмыс істейтін әлеуметтік қорғау саласының мамандарын оқытуға |
29,0 |
|
«Алғашқы жұмыс орны» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» іс-шарасын дамытуға |
700,1 |
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік
Мәдениет саласы қызметінің негізгі міндеттері барлық жас санаттағы аудан халқының рухани сұранысын қанағаттандыру болып табылады, өсіп келе жатқан ұрпақты эстетикалық және рухани тәрбиелеу, ауданның ұлттық дәстүрлерін және мәдениетін сақтау. 2021 жылы осы іс шараларға 376 312,4 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған.
Спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бағыттарының бірі салауатты өмір салтына жағдай жасау, ауданда бұқаралық спортты дамыту болып табылады. 2021 жылы аудандық және облыстық жарыстарға қатысуы үшін аудан спортсмендерін дайындауға және қатыстыруға 8 759,0 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған.
Толығымен, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік саласына 2021-2023 жылдарға арналған аудан бюджетінде 1 146 101,6 мың теңге қарастырылған (2021 жылы – 406 286,6 мың теңге, 2022 жыл – 369 071 мың теңге, 2023 жылы – 370 744 мың теңге).
Осы салаға шығындар 2021-2023 жылдарға құрады:
мың теңге
|
Атауы |
2021 жыл
|
2022 жыл
|
2023 жыл
|
|
Барлығы |
376 312,4 |
369071 |
370744 |
|
Жергіліктті деңгейде дене шынықтыру және спорт, ақпарат, мәдениет және тілдерді дамыту саласында жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша қызметтер |
10 662,7 |
27935 |
28116 |
|
Мәдени-демалыс жұмысын қолдау |
192 578 |
253384 |
254573 |
|
Аудандық кітапханалардың жұмыс істеуі |
36322 |
29646 |
29859 |
|
Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін дамыту |
5256,5 |
5390 |
5358 |
|
Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтауды және оларға қол жетімділікті қамтамасыз ету |
8 209,1
|
6900 |
6952 |
|
Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер |
16 491,7 |
7725 |
7725 |
|
Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру |
987,5 |
650 |
650 |
|
Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту |
27447 |
27447 |
27447 |
|
Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткізу |
153,4 |
2108 |
2108 |
|
Әртүрлі спорт түрлері бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы |
6 104,9 |
7956 |
7956 |
|
Ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімі (облыстық маңызы бар қала) |
9 099,4 |
0,0 |
0,0 |
Осы функционалды топқа жалпы сомасы 71 950,9 мың теңге трансферттер бөлінді, оның ішінде:
республиклық бюджеттің трансферттер есебінен 26 894 мың теңге, мемлекеттік мәдениет ұйымдарының және архив мекемелерінің басқарушы және негізгі персоналына мәдениет ұйымдарындағы және архив мекемелеріндегі ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақысына қосымша ақылар белгілеуге.
облыстық бюджеттің трансферттер есебінен 45 056,9 мың теңге, Максимовка ауылындағы ауылдық мәдениет үйі ғимаратын күрделі жөндеу.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында негізгі стратегиялық бағыттары болып сумен қамту және су бұру жүйелерінің дамуы, үздіксіз электр және жылумен қамту, тұрғын үй-коммуналдық шараушылықты модернизациялау және дамыту анықталды.
Аудан бюджеті қаражатының есебінен көше желілерін, жарықтандыру, жөнделген көшелерді орналастыру, ауданда сумен қамту және су тарту жүйесінің қызметі бойынша іс шаралар қарастырылған.
Осы салаға шығындар 2021-2023 жылдарға құрады:
мың теңге
|
Атауы |
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
|
Барлығы |
1 101 806,7 |
284655 |
5051 |
|
Жерлеу орындарын ұстау және туыстары жоқ адамдарды жерлеу |
790 345,1 |
274829 |
0 |
|
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету |
185 582,9 |
0 |
0 |
|
Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуі |
8 801,5 |
2973 |
2973 |
|
Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру |
595,0 |
595 |
595 |
|
Ауданның коммуналдық меншігіндегі жылу жүйелерін қолдануды ұйымдастыру |
66 912,4 |
6258 |
1483 |
Осы саланың шығындар көлеміне 2021 жылға облыстық бюджеттен нысаналы даму трансферттер 946 282,2 мың тенге, оның ішінде:
|
Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) реконструкциялауға, оның ішінде әлеуметтік-осал топтар үшін тұрғын үй салуға оның ішінде: Балкашино ауылында 45 пәтерлі тұрғын үй салу (сыртқы инженерлік желілерсіз) Байлау – 200 000 мың теңге Балкашино ауылында 2 36 пәтерлі тұрғын үй салу – 377 164 мың теңге |
788 931,0 |
|
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға оның ішінде: Балкашино ауылында 2 отыз алты пәтерлі тұрғын үйге инженерлік желілер салу және абаттандыру (сыртқы электрмен жабдықтау желілері) - 10 891 мың теңге Балкашино ауылында 2 отыз алты пәтерлі тұрғын үйге инженерлік желілер салу және абаттандыру (сыртқы сумен жабдықтау, кәріз желілері) – 16 706 мың теңге |
27 597,0 |
|
сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға ауылдық елді мекендерде, оның ішінде: 1 000,0 мың теңге Новоромановка ауылында су құбыры желілерін және сорғы станцияларын (ұңғымаларды) салуға; 47 549,8 мың теңге Каменка ауылында су құбыры желілерін салуға; 1 000,0 мың теңге Белгород ауылында су құбыры желілері мен ұңғымаларды қайта жаңартуға»;
|
49 549,8 |
|
Балкашино селосында блокты-модульді қазандыққа қосу үшін инженерлік желілер, оның ішінде жылу трассасы, сумен жабдықтау және электрмен жабдықтау құрылысына |
80 204,4 |
Ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, жер қатынастары, қоршаған ортаны қорғау.
«Ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, жер қатынастары, қоршаған ортаны қорғау» саласына шығындар 2021-2023 жылдарға құрады:
мың теңге
|
Атауы |
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
|
Барлығы |
41387,5 |
39665 |
39841 |
|
Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды іске асыру |
11 051 |
11511 |
11511 |
|
Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер |
16 902,8 |
28154 |
28330 |
|
Аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер |
13 433,7 |
0,0 |
0,0 |
Осы функционалды топқа жалпы сомасы 1 488 мың теңге республиклық бюджеттің трансферттер есебінен көтерме жәрдемақы мөлшерін ұлғайтуға.
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
«Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» саласына шығындар 2021-2023 жылдарға құрады
мың теңге
|
Атауы |
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
|
Барлығы |
31 493,3 |
19023 |
19152 |
|
Жергілікті деңгейде құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер |
23 423,2 |
19023 |
19152 |
|
Аудан аумағында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу |
8 070,1 |
0 |
0 |
Көлік және коммуникация
Көлік және коммуникация саласындағы аудан бюджетінің шығындары аудандық маңызы бар және селолық елді мекендердін автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту бойынша іс шараларды қаржыландыруға бағытталатын болады. Істелген жұмыстар нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызды автомобиль жолдарының үлесі жақсаратын болады.
Осы салаға шығындар 2021-2023 жылдарға құрады:
мың теңге
|
Атауы |
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
|
Барлығы |
164237,8 |
7479 |
7479 |
|
Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету |
74 393,0 |
7479 |
7479 |
|
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көщелерін күрделі және орташа жөндеу |
89 844,8 |
0,0 |
0,0 |
Осы функционалды топқа жалпы сомасы 384 029,7 мың теңге облыстық бюджеттің трансферттер есебінен, оның ішінде:
|
ұзындығы 13 км Богородка-Дорогинка автомобиль жолын ағымдағы жөндеу |
22960,0 |
|
Веселов ауылдық округіндегі "Жыланды ауылы-Бастрымовка ауылы" автомобиль жолын ағымдағы жөндеу |
20160,0 |
|
"Каменка-Дорогинка" автомобиль жолын ағымдағы жөндеу |
18480,0 |
|
"Атбасар Хлебное Чашке А/Ж Веселое Балкашино" автомобиль жолын ағымдағы жөндеу (Бастрымовкадо с. Граниковка с. ұзындығы 5,5 км) |
7840,0 |
|
Максимовка ауылының су өткізу құрылғыларын күрделі жөндеуге |
54377,0 |
|
Мәдениет ауылының көше-жол жүйесін орташа жөндеуге |
30000,0 |
|
Жылумен жабдықтайтын кәсіпорындардың жылу беру маусымына дайындығына |
27 598,7 |
Басқалар
«Басқалар» саласына шығындар 2021-2023 жылдарға табылады:
мың теңге
|
Атауы |
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
|
Барлығы |
220784 |
9308 |
9308 |
|
Ауданның жергілікті атқарушы органының резерві |
0,0 |
9308 |
9308 |
|
«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту |
220784 |
0 |
0 |
Осы функционалдық топ бойынша шығындар 229 836 мың теңге, оның ішінде:
9 052 мың теңге сомада қарастырылған, оның ішінде:
төтенше жағдайды жоюға – 1 000 мың теңге;
шұғыл шығындарға арналған – 8 052 мың теңге.
Оның ішінде: осы функционалды топқа жалпы сомасы 220 784 мың теңге трансферттер бөлінді, оның ішінде:
республиклық бюджеттің трансферттер есебінен 182 952 мың теңге «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға Балкашино ауылындағы стадионды қайта құру.
облыстық бюджеттен трансферттер есебінен 37 832 мың теңге «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға Балкашино ауылындағы стадионды қайта құру.
Трансферттер
Расходы на данную сферу на 2021-2023 годы
мың теңге
|
Атауы |
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
|
Барлығы |
1878521 |
1878188 |
1879591 |
|
Заңнаманы өзгертуге байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төменгі тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер |
1692253 |
169253 |
169253 |
|
Субвенциялар |
186268 |
185935 |
187338 |
Осы функционалдық топ бойынша шығындар 1 878 521,0 мың теңге сомада қарастырылған, оның ішінде:
186 268 мың теңге ауылдық округ әкімдерінің аппараттарын ағымдағы ұстауға субвенциялар.
1 692 253 мың теңге бюджеттік заңнаманың өзгеруіне байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарды өтеге арналған ағымдағы нысаналы трансферттердің қайтарылуы (білім беруді субвенциялау).
2021-2023 жылдарға арналған жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер
мың теңге
|
Атауы |
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
|
Ағымдағы нысаналы трансферттер |
4 184 365,3 |
2461863 |
2187034 |
|
Дамуға нысаналы трансферттер |
581767,5 |
0 |
0 |
|
Ағымдағы нысаналы трансферттер |
1360858,8 |
274829 |
0 |
|
Субвенциялар |
2197984 |
2187034 |
2187034 |
|
Бюджеттік кредиттер |
43755 |
0 |
0 |
Бюджеттің дефициті (профицит) сомасы – -94 164,3 мың теңге сома құрайды.
Дефицитті қаржыландыру (бюджет профицитін қолдану) – 94 164,3 мың теңгені құрайды.
2021 жылға арналған аудан бюджетінде қарастырылған іс шаралар азаматтардың әлеуметтік қолдау деңгейін сақтағанда және ауданның одан әрі дамуына жағдай жасағанда, экономиканың және бюджет саласының тиімділігін жоғарлатқанда барлық қолданыстағы міндеттемелерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.