Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

2021 жылы 25 шілдеде Сандықтау ауданының Барақпай, Бірлік, Новоникольск және Широков селолық округтері әкімдерінің сайлауы төрт округ бойынша өтті. Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Сандықтау ауданының ауыл, селолық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының сайлау нәтижелерін анықтады:  

 

Барақпай сайлау округі бойынша әкім сайлауы

Барақпай селолық округі:

 Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 215 азамат енгізілді, олардың 215 дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 10, «Бәріне қарсымын» деген жол белгіленген – 12.

Әр кандидатқа берілген дауыстар:

Жакенов Е.А. – 142; Бектемісова Ж.К. – 45; Жұманова Ә.Р. – 6.

Барақпай селолық округінің әкімі болып Жакенов Еркен Амангелдіұлы сайланды, 1981 жылы туған, уақытша жұмыс істемейтін, Балкашин селолық округінің Балкашино ауылында тұрады, оны «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалы ұсынды.

 

 

Бірлік сайлау округі бойынша әкім сайлауы

Бірлік селолық округі:

 Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 660 азамат енгізілді, олардың 653 дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 1, «Бәріне қарсымын» деген жол белгіленген – 0.

Әр кандидатқа берілген дауыстар:

          Ибаев А.И. – 582; Дашаева С.Х. – 34; Галин А.Н. – 36.

Бірлік селолық округінің әкімі болып Ибаев Аңсар Ибрагимулы сайланды, 1964 жылы туған, «Бірлік селолық округі әкімінің аппараты» КММ әкімі, Бірлік селолық округінің Красная поляна ауылында тұрады, «Nur Otan» қоғамдық бірлестігінің Сандықтау аумақтық филиалымен ұсынылды.

 

 

 

 

 

 

Новоникольск сайлау округі бойынша әкім сайлауы

Новоникольск селолық округі:

 Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 763 азамат енгізілді, олардың 725 дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 16, «Бәріне қарсымын» деген жол белгіленген – 44.

Әр кандидатқа берілген дауыстар:

          Садуова К.А. – 542; Ашиткова Т.А. – 50; Плотникова Т.Н.– 70.

Новоникольск селолық округінің әкімі болып Садуова Күлшайем Айткенқызы сайланды, 1970 жылы туған, «Новоникольск селолық округі әкімінің аппараты» КММ әкімі, Новоникольск селолық округінің Мысок ауылында тұрады, «Nur Otan» қоғамдық бірлестігінің Сандықтау аумақтық филиалымен ұсынылды.

 

 

Широков сайлау округі бойынша әкім сайлауы

Широков селолық округі:

 Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 442 азамат енгізілді, олардың 435 дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 4, «Бәріне қарсымын» деген жол белгіленген – 23.

Әр кандидатқа берілген дауыстар:

          Кәрімжанов Н.Ғ. – 362; Степанова Н.В. – 42; Тасенова Г.А.– 4.

Широков селолық округінің әкімі болып Кәрімжанов Назымбек Ғалымжанұлы сайланды, 1990 жылы туған, «Широков ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ әкімі, Широков ауылдық округінің Богородка ауылында тұрады, «Nur Otan» қоғамдық бірлестігінің Сандықтау аумақтық филиалымен ұсынылды.

 

Сандықтау аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
26 июля 2021