Сандықтау ауданының Барақпай, Бірлік, Новоникольск және Широков селолық округтерінің әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы
2021 жылғы 14 шілдеде Сандықтау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда «2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Барақпай, Бірлік, Новоникольск және Широковка селолық округтерінің әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы» қаулы қабылданды.
Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.В. Назарович Барақпай, Бірлік, Новоникольск және Широков селолық округтерінің әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы баяндама жасады.
Ол 2021 жылғы 14 шілде сағат 18-дегі жағдай бойынша Сандықтау ауданының сайлау комиссиясы Барақпай, бірлік, Новоникольск және Широковка селолық округтерінің әкімдігіне ұсынылған 13 кандидаттың 12-ін тіркегенін хабарлады.
Тіркелген кандидаттардың ішінде 4 (33.3 %) ер адам және 8 (66.7%) әйел адам.
Мамандықтар бойынша: 8 – ұстаздар, 1 – заңгер, 3-басқа мамандықтар.
Кандидаттар арасында: 7 - мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері; 1 - мемлекеттік қызметкер, 3 - ауылдық округ әкімдері және 1-басқа мамандар.
2021 жылғы 14 шілде сағат 18-ден бастап Барақпай, Бірлік, Новоникольск және Широков селолық округтерінің әкімдігіне тіркелген барлық кандидаттар ағымдағы жылғы 24 шілдесі сағат 00.00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы» 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/202 қаулысына сәйкес кандидатқа БАҚ - да өз бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу көзделген: теледидарда - 15 минут; радиода-10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда екі мақаласын жариялау үшін 0,1 баспа парағынан артық емес. Барлық кандидаттарға заңнамада үгіт жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайларға кепілдік беріледі.
Отырыстан кейін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өтті, онда сайлау комиссиясының мүшелері БАҚ сұрақтарына жауап берді.