Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының әкімдіккке кандидаттарды тіркеу туралы
хабарламасы
Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап шешті:
- 1. Ақмола облысы Сандықтау ауданы Барақпай селолық округіне әкімдікке кандидат болып, 1983 жылы туған, «Барақпай негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі, Барақпай селосында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған Бектемисова Жанар Қайраткалиқызы тіркелсін.
- Ақмола облысы Сандықтау ауданы Барақпай селолық округіне әкімдікке кандидат болып, 1986 жылы туған, «Сандықтау ауданының мәдениет және тілдері дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Балкашино селосында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған Жұманова Әсем Рамазанқызы тіркелсін.
- Ақмола облысы Сандықтау ауданы Бірлік селолық округіне әкімдікке кандидат болып, 1989 жылы туған, «Сандықтау ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Балкашино селосында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған Галин Александр Николаевич тіркелсін.
- Ақмола облысы Сандықтау ауданы Новоникольск селолық округіне әкімдікке кандидат болып, 1986 жылы туған, «Богородка негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының міндетін атқарушы, Богородка селосында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған Ашиткова Татьяна Александровна тіркелсін.
- Ақмола облысы Сандықтау ауданы Новоникольск селолық округіне әкімдікке кандидат болып, 1980 жылы туған, «Богородка негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі, Богородка селосында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған Плотникова Татьяна Николаевна тіркелсін.
- Ақмола облысы Сандықтау ауданы Широков селолық округіне әкімдікке кандидат болып, 1993 жылы туған, «Новоникольское ауылының жалпы білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, Новоникольск селосында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған Степанова Наталья Викторовна тіркелсін.
- Ақмола облысы Сандықтау ауданы Широков селолық округіне әкімдікке кандидат болып, 1983 жылы туған, «Новоникольское ауылының жалпы білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің химия және биология пәнінің мұғалімі, Новоникольск селосында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған Тасенова Гүлнар Айопбергенқызы тіркелсін.
Сандықтау аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы 09.07.2021 жыл