Сандықтау ауданы әкімінің
2017 жылғы 10 қаңтарында
№ 3 өкімімен бекітілді
Сандықтау ауданы әкімі аппаратының,
Сандықтау ауданының ауылдық округтері, Мәдениет ауылы әкімдері аппараттарының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары
Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бекітілген әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес әзірленді және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ұсыныстар жүйесін ұсынады.
Қоғамдық қатынастар саласының атауы: Сандықтау ауданының ауылдық округтері, Мәдениет ауылы әкімдері аппараттарымен бересе отырып «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: Ақмола облысы Сандықтау ауданының ауылдық округтері, Мәдениет ауылы аппараттарымен бірлесе отырып, «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Қоғамдық қатынастар саласында жұмыс істейтін тұлғалардың мінез-құлқы (іс-әрекеті) ережелері:
1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарда қаралған салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру барысында:
— Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, Қазақстан Республикасының басқа нормативті-құқықтық актілерін басшылыққа алу;
— жеке және заңды тұлғаларға, әріптестеріне адал, әділ, сыпайы қарау, әдептілік таныту;
— мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының сал-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына құрметпен қарау;
— жеке және заңды тұлғалар өтініштерін қарау кезінде төрешілдік және сарсаңға салуды болдырмау;
— азаматтардың келісімісіз олардың жеке өмірі туралы мәліметтерді, жеке және отбасылық құпияларды жария етпеу;
— жеке басының мәселелерін шешу кезінде мемлекеттік органдар, ұйымдар, мемлекеттік қызметшілер және басқа да тұлғалар қызметіне ықпал ету үшін өз қызметтік дәрежесін пайдаланбау;
— мемлекеттік қызметтер тұтынушысы ретінде халық сұранысына бағдарлана отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру шараларын тұрақты қолдану;
— шындыққа жанасымсыз мәліметтерді таратпау.
2) өз құзыреті шегінде басқарушылық және басқа шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде:
— құзыретті шектеуді және құрылымдық бөлімшелер мен лауазымды тұлғалардың келісімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
— лауазымдық өкілеттікті орындауға қатысты емес өкімдердің, бұйрықтар мен нұсқаулардың шығарылуын болдырмау;
— қоластындағылардан лауазымдық өкілеттігі шегінен тыс шығатын тапсырмалардың орындалуын талап етпеу;
— туысқандық, жерлестік және жеке берілгендік себептері бойынша кадрларды іріктеу және орналастыру жағдайларын жібермеу;
— меритократия принциптерін ұстану;
— қабылданатын шешімдер үшін дербес жауап беру.
3) нормативті-құқықтық актілер жобасын дайындау кезінде:
— нормативті-құқықтық актіні қабылдауды осы актіні қабылдау құзыреті Қазақстан Республикасы заңымен көзделген жағдайда ғана жүзеге асыру;
— нормативті-құқықтық актіні қабылдау азаматтардың заңмен белгіленген құқықтары мен бостандығына шек қоймауы, заңды тұлғалардың заңды мүдделерін бұзбауы тиіс;
— нормативті-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық факторлары мен олардың белгілері бар нормаларды қолданбау;
— азаматтар құқықтарын іске асыру жөніндегі шешім жобасы келісілетін инстанциялар санын мүмкіндігінше азайту.
4) тіршілік әрекеті саласының өзгешілігіне байланысты туындайтын басқа өзара қарым-қатынас кезінде:
— бағынысты лауазымды тұлғалардың қызметтік өкілеттіктерінің міндеттері мен көлемін нақты және анық белгілеу;
— бағыныстағы лауазымды тұлғалар арасында жұмыс мөлшерінің біркелкі бөлінбеуін жібермеу;
— лауазымдық міндеттері шегінен шығатын немесе орындауға мүмкін емес, сондай-ақ заңға қайшы келетін тапсырмалар бермеу;
— басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік этика нормаларын бұзушылықты жібермеу шараларын қолдану.
Басқа шектеулер мен тыйымдар:
— заңмен тәртіптік, әкімшілік не қылмыстық жауапкершілік қарастырылған құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтар жасалуын болдырмау;
— қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өз кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру, Қазақстан Республикасы заңымен белгіленген шектеулер мен тйымдарды ұстану;
— қызметтік тәртіпті мүлтіксіз сақтау, өз қызметтік міндеттерін адал, әділ және сапалы атқару, жұмыс уақытын тиімді және нәтижелі қолдану;
— бір мемлекеттік органда тікелей бағыныста туысқандармен жұмыс істеуді болдырмау;
— мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, мемлекет меншігін, автокөлік құралдарын тиімді және тек қызмет мақсатында ғана пайдалану;
— мемлекеттік қызметшінің сыртқы келбеті қызметтік міндеттерін атқару кезінде мемлекеттік аппарат беделін нығайтуға септігін тигізуі қажет, ресмилік, ұстамдылық пен ұқыптылықты танытанын көпшілік мақұлдаған іскерлік стильді ұстану.