2021 жылғы 9 шілдеде сағат 18:00 ұсыну кезеңі аяқталды. Сандықтау ауданы бойынша барлығы 4 сайлау округіне 13 кандидат ұсынылды, оның 5 (38,5%) – саяси партиялар, 8 (61,5%)- өзін-өзіұсынған.
Саяси партиялар 4 округ бойынша кандидаттарды ұсынды: «Nur Otan» партиясы - 3 кандидат, ҚХП -2 кандидат.
Орташа бәсекеге қабілеттілік 3 адамды құрады.
Қазіргі уақытта кандидаттарды тіркеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде, олар 2021 жылғы 14 шілдеде сағат 18.00-де аяқталады.
Ағымдағы жылдың 9 шілдесіндегі жағдай бойынша барлық округтерде кем дегенде екі адам ұсынылды.
Ағымдағы жылдың 10 шілдесіндегі жағдай бойынша 4 үміткер тіркелген (30,8%).
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5 – бабы 9 – тармағына сәйкес, кандидаттарды тіркеу нәтижелері туралы ресми ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.