Сандықтау ауданы ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерінің шекараларын құру, аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлама

Сандықтау ауданы ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерінің шекараларын құру, аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлама

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 13 бабының 4 тармағына, 14 бабының 6) тармақшасына, 21 бабының 4 тармағына, 22 бабына, Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 25 маусымдағы №25/1 «Сандықтау ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы» қаулысына сәйкес ауылдық округтер әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы, Сандықтау ауданы аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлаймыз.

 

Сандықтау ауданы ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтері:

- Барақпай ауылдық округі әкімінің – Барақпай сайлау округі Барақпай ауылдық округінің шекараларында;

- Бірлік селолық округі әкімінің – Бірлік сайлау округі Бірілік ауылдық округінің шекараларында;

- Новоникольск ауылдық округі әкімінің – Новоникольск сайлау округі Новоникольск ауылдық округінің шекараларында;

- Широков ауылдық округі әкімінің – Широков сайлау округі Широков ауылдық округінің шекараларында.

 

Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Орналасқан орны: Балкашин ауылы, Абылай хан көшесі, 117, тел: 8 (716) 40 9-30-03.

Сандықтау аудандық сайлау комиссиясының құрамы: төрайым – Назарович Светлана Васильевна, төрайымның орынбасары – Черемухин Артем Сергеевич, хатшы – Тасмағамбетова Айбаршын Тлеуғабылқызы, комиссия мүшелері: Айсин Тимур Маратұлы, Виноградова Галина Ивановна,  Нурбаева Бахыт Хайрулловна, Шапарь Светлана Николаевна.

 

 

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 июня 2021