Сандықтау ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Сандықтау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2021 жылдың 25 шілдесіне Сандықтау ауданы бойынша
- Барақпай селолық округінің әкімі;
- Бірлік селолық округінің әкімі;
- Новоникольск селолық округінің әкімі;
- Широков селолық округінің әкімінің сайлауы тағайындалсын;
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалған Сандықтау ауданының ауыл және ауылдық округтері әкімдерін сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар кестесі бекітілсін.
- Осы қаулы Сандықтау аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Сандыктауский край» газетінде жариялансын.
Сандықтау сайлау
комиссиясының төрағасы С.Назарович
Сандықтау сайлау
комиссиясының хатшысы А.Тасмагамбетова