Сандықтау аудандық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Сандықтау ауданының селолық округ
әкімдерін сайлау бойынша
сайлау округтерін құру туралы
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Сандықтау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Сандықтау ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау округтері құрылсын. :
- Барақпай селолық округінің әкімі – Барақпай сайлау округі Барақпай селолық округі шекарасында;
- Бірілік селолық округінің әкімі – Бірлік сайлау округі Бірлік селолық округі шекарасында;
- Новоникольск селолық округінің әкімі – Новоникольск сайлау округі Новоникольск селосының округі шекарасында;
- Широков селолық округінің әкімі – Широков сайлау округі Широков селосының округі шекарасында.
- Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-сайтында және аудандық «Сандыктаусий край» газетінде аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін, сайлау округтерінің шекараларын көрсете отырып, округтердің тізімі жариялансын..
Сандықтау сайлау
комиссиясының төрайымы С.Назарович
Сандықтау сайлау
комиссиясының хатшысы А.Тасмагамбетова