«Сандықтау ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлқы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

                                                                       № 21 бұйрыққа қосымша

                                                                          2021 жылғы 28 сәуірдегі

        

«Сандықтау ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлқы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

 

Осы мемлекеттік қызметшілер мінез – құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Вице-министрі бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленді. – «Сандықтау ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» (бұдан әрі - Бөлім) және оның қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділік.

Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын әзірлеу мақсаты Бөлім қызметі саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін белгілеу болып табылады.

Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын әзірлеу міндеттері:

- бөлім қызметкерлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлықты қалыптастыру;

- сыбайлас жемқорлық көріністерін дер кезінде анықтау және олардың жағымсыз салдарының алдын алу;

Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартының қағидаттары:

1) заңдылық;

2) ашықтық;

3) әдептілік;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау;

5) мүдделер қақтығысын болдырмау.

  1. Қоғамдық қатынастар саласының атауы: халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: «Сандықтау ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ.
  3. Қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласында жұмыс істейтін ЛТО-ның мінез-құлық (іс-қимыл) қағидалары:

3.1. сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

- азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгіленген тәртіп пен мерзімде азаматтардың өтініштерін қарауға, олар бойынша қажетті шаралар қолдануға;

- көзделмеген құжаттарды талап етуге жол бермеу, сондай-ақ функцияларды орындау барысында әуре-сарсаңнан (төрешілдіктен) аулақ болу;

- бөлімнің қызмет саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілерде сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, уәкілетті органға жазбаша нысанда дереу хабарлауға;

- халықтың сұранысына бағдарлана отырып, бөлімнің міндеттері мен функцияларын орындау сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау;

- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету;

- жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;

- қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға міндетті;

3.2. өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде:

- мүдделер қақтығысына жол бермеу, ал олар туындаған жағдайда заңнамаға сәйкес оларды жою бойынша шаралар қабылдау;

- бақылау іс-шараларын және шешім шығаруды көздейтін өзге де іс-қимылдарды жүргізу кезінде мәселелерді объективті түрде қарау, шешімдерді тек қана заңнамаға сәйкес қабылдау;

- мемлекеттік қызметшінің құзыретіне кіретін шешімдер қабылдау кезінде өзінің заңды міндеттерін орындауға байланысты ешқандай материалдық игіліктер, қызметтер және өзге де артықшылықтар қабылдамау;

- берілген құқықтар шегінде және лауазымдық міндеттерге сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3.3. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде:

- өзіне және үшінші тұлғаларға пайда табу мақсатында нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға жол бермеу;

- құқықтық актілер белгісіз адамдар тобына немесе жеке анықталған тұлғаларға қатысты болуы керек;

3.4. Қызмет саласының ерекшелігіне байланысты туындайтын өзге де өзара қарым-қатынастар кезінде:

- мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұру;

- жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге;

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтауға міндетті.

  1. Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық фактілерімен соқтығысу кезіндегі іс-әрекеттері:

Егер мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпараты болса, ол мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөнінде қажетті шаралар қолдануға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс.

Мемлекеттік қызметші өзін басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндетті.

«Сандықтау ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлқы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт
Дата публикации
28 апреля 2021