Зейнетақы жасына жақындап келетін және зейнеткерлік демалысқа шығуға дайындалып жүрген адамдарды, қызықтыратын сұрақтар.
Бірінші деңгей (базалық)–зейнетақы жүйесінің қатысу өтіліне байланысты, зейнетақы жасына жеткен барлық тұлғаларға тағайындалатын, мемлекеттікбазалық зейнетақы төлемі.
Екінші деңгей (міндетті) төлемнің екі түрінен құралады:
1) 01.01.1998 жылға дейін 6 айдан кем емес еңбек өтілі болған кезде республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін, жасына байланысты зейнетақы;
2) БЖЗҚ зейнетақы төлемдері.
Зейнетақы мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жинақталған еңбек өтіліне және зейнетақы алдындағы табысқа байланысты.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінен зейнетақы төлемдері міндетті зейнетақы жарналарының 10% қалыптасқан, зейнетақы жинақтары есебінен жүзеге асырылады.
Үшінші деңгей (ерікті) –ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдер.
Қазақстан Республикасының әрекеттегі зейнетақы заңнамасына сәйкес, азаматтарға өз жинақтарын ерікті зейнетақы жарналары есебінен ұлғайтудың қосымша мүмкіндігі ұсынылады, олболашақта өз кезегінде зейнеткерлердің қосымша табыс көзі бола алады.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015ж 30 қарашадағы Нысанды бекіту туралы №929 Бұйрығы негізінде еңбек кітапшаны толтыру және сақтау Ережелері, тегін, атын, әкесінің атын (егер бар болған жағдайда) және туған жылын өзгерту туралы жазбаларды жеке куәлік, неке туралы куәлік, ажырасу туралы куәлік, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы куәліктеріне сәйкес соңғы жұмыс орны өзгерте алады. Егер жұмыс орны жабылған болса, еңбек өтілін мұрағаттық анықтама арқылы растай алады.
«Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызметін сонымен қатарЕ-gov.kz порталындағы «Электрондық өтінімдер» бөлімінде ресімдеуге болады. Бұдан әрі қосымша бөлімде көрсетілген, қадамдық нұсқаулық бойынша өту қажет.
Зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша өтінімдер түскен кезде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және мерзімін қысқарту мақсатында «Азаматтарға арналған» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен зейнетақы төлемін алдын ала есептеу мәселелері бойынша азаматтарға кеңес беру жүзеге асырылады.
Өтініш беруші кеңес алу және алдын ала есептеу үшін зейнетақы жасына жетуге дейінгі үш ай бұрынеңбек өтілін растайтын, құжаттармен бірге «Азаматтарға арналған» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының әлеуметтік қамсыздандыру бөліміне жүгіне алады.
Заңның 5 б. 1 т. сәйкес мемлекет алушыларға міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының зейнетақы жасына жету сәтіндегі инфляция деңгейін есепке ала отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындаміндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының іс жүзіндегі мөлшерінің сақталуына кепілдік береді. Зейнеткерлерге инфляция деңгейін есепке ала отырып, енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының іс жүзіндегі соммасы және зейнетақы жинақтары (мемлекеттік кепілдік) арасындағы төлем соммасының айырмасына өтініш беру қажет емес, себебі мемлекеттік қызмет проактивті қағида бойынша жүзеге асырылады.
Сонымен қатар әлеуетті зейнеткердің қате әлеуметтік жеке кодын тексеруді жою және егер қате ӘЖКміндетті зейнетақы жарналары болса, дұрыс ӘЖК одан әрі біріктіру үшін жүзеге асыру қажет. Аталмыш әрекет жинақтаушы зейнетақы жүйесінде қатысу өтілі есепке алынатын, базалық зейнетақы төлемін дұрыс есептеу және инфляция деңгейін есепке ала отырып, енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының іс жүзіндегі соммасы және зейнетақы жинақтары (мемлекеттік кепілдік) арасындағы төлем соммасын дұрыс есептеу үшін қажет.