НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде эпидемиологиялық ахуал жақсарып келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бүгінде Қазақстанда Covid-19-дың оң нәтижесімен 292 250, теріс нәтижесімен 51 890 науқас тіркелді.Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, республика соңғы 22 күн бойы «қызыл» аймақта тұр. Сонымен қатар 8 өңір «қызыл» аймақта. Түркістан мен Қостанай облыстары «жасыл» аймақта, ал қалған өңірлер «сары аймақта», - деді Алексей Цой. Оның дерегінше, осы жылдың наурыз айының соңында эпидемиологиялық ахуал нашарлап, науқастану көрсеткіші 46 пайызға дейін артты.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/epidemiologiyalyk-ahual-zhaksaryp-keledi-aleksey-coy_a3778378