Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 « «Парыз» бизнестін әлеуметтік жауапкершілігі бойынша байқау туралы» Жарлығын орындау бойынша жұмыстар жалғасуда, Негізгі ерекшелігі елімізде бизнестін әлеуметтік жауапкершілігін, мемлекеттін дамуына және қазақстандықтардың әл-ауқатын күшейтуге бизнес –құрылымдардың үлесін көпшілікке тарату болып табылады.
Бизнес-құрылымдардың конкурсына қатысу үдерісі кәсіпорынның әлеуметтік-бағдарлы әрекетінің үлгісін қалыптастыруға, өнірлер мен ауылдардың инфрақұрылымын дамытуға, әлеуметтік салада көрсетілетін қызметтерді кеңейтуге белсенді түрде ықпал етеді. Қарамағындағы қызметкерлердің әлеуметтік ахуалын жақсарту және өз өнірінің немесе кәсіпорынның әлеуметтік-маңызды проблемаларын шешуге қатысу барлық табысты кәсіпкерлердің моральдық қажеттілігіне айналуда.
Ағымдағы жылы «Парыз» байқауы келесі санатта өткізілетін болады: шағын және орта кәсіпкерлік субьектісі, ірі кәсіпкерлік субьектісі, сонымен бірге төрт номинациядан: «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласандығы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт» және «Экологияға қосқан үлесі үшін».
Ауданда жұмыспен қамту, еңбекақыны көтеру, жұмыс орындарын сақтау және құру, біліктілігін жоғарлату және жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі, «Парыз» байқауына қатысуға лайықтыларға демеушілік және қайырымдылық қаражатын бөлу мәселелеріне үлкен көңіл бөліп жүрген жұмыс берушілер аз емес.
Құрметті меншіктін барлық түріндегі ұйымдар және кәсіпорындар басшылары Сіздерді «Парыз» байқауына қатысуға шақырамыз.
«Парыз» байқауына қатысу үшін тапсырысты 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін «Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ тапсыруды сұраймыз.
Анықтамалар бойынша Балкашино ауылы, Абылай хан көшесі 119 «Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ хабарласуға болады тел. 91727.