Зейнетақы мен жәрдемақы туралы

«Қазпочта» АҚ арқылы зейнетақы мен жәрдемақы алатын азаматтар  үйлеріне жеткізуді ұйымдастыра алады.

Келесі санаттағы азаматтар үйлеріне зейнетақы мен жәрдемақы жеткізілімала алады:

- мүгедектер және Ұлы Отан соғысының қатысушылары;

- сексенге толған зейнетақы мен жәрдемақы алушылар;

- бірінші топтағы мүгедектер;

- сыртынан күтімді қажет ететін және денсаулығына байланысты қатыса алмайтындығы туралы медициналық анықтамасы бар адамдар, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға бара алмайтындар;

- автоматтандырылған пошта бөлімшелері болмаған кезде ауылдық жерде тұратын адамдар.

Ол үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»КЕАҚ-ның тұрғылықты жері бойынша филиалына хабарласуыңыз қажет.

Азаматтарға арналған үкімет банктік шот нөмірі өзгерген жағдайда ХҚКО-ға өтініш жазып, банктік шот бойынша үзінді көшірме ұсыну қажет деп хабарлайды.

Зейнетақылар мен жәрдемақыларды есептеу үшін ұсынылған жеке немесе карталық шот төлем алушының атында болуы маңызды!Үшінші тұлғаларға 20- сандық шоттың ашылуы туралы хабарлама берілмейді.

Бүгінгі күні Ақмола облысында 1955 адам үйге жеткізе отырып, әр түрлі зейнетақы мен жәрдемақы алушылар болып табылады.

Толық ақпарат алу үшін облыс тұрғындары әлеуметтік-еңбек саласындағы бірыңғай байланыс орталығына хабарласа алады - 1411 (қоңырау шалу тегін).

Зейнетақы мен жәрдемақы туралы
Дата публикации
16 марта 2021