Сандықтау ауданында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж, есепте тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізімдерін түгендеу

Сандықтау ауданында тұрғын үйге мұқтаждарды қамтамасыз ету мақсатында «Есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызметі ұсынылады.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 71-бабы 5-тармағы, 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларының» 12-тармағы негізінде ауданның жергілікті атқарушы органдары тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған кезектілердің тізімдерін өзектендіру үшін жыл сайын коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізімдеріне түгендеу жүргізеді.

Осы мақсатта кезекте тұрған тұрғындар жыл сайын мынадай құжаттарды ұсынады:

1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (өтініш берушінің жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады) және өтініш берушімен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің (бар болса) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

2) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу (туу, қайтыс болу, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, бала асырап алу, әке (ана) болуды анықтау, атын, әкесінің атын және тегін ауыстыру) туралы куәліктердің көшірмелері.

3) өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы аумақтық әділет органының анықтамасы.

Өтініш берушіде және/немесе оның отбасы мүшелерінде жеке меншік құқығында тұрғынжайдағы үлесі бар болса, құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері ұсынылады;

4) өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын тиісті деректер қоса беріледі;

5) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар өтініш берушінің (отбасының) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжатты, сондай-ақ соңғы он екі ай ішінде отбасының әрбір мүшесіне (мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелейтін отбасыларды қоспағанда) кірістері туралы мәліметтерді қосымша ұсынады;

6) мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдар қызметкерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санатына жататын азаматтар жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманы қосымша ұсынады.

7) жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтар жергілікті атқарушы органның тиісті анықтамасын ұсынады;

8) отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай келмеген жағдайларда, өтініш беруші санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы жүргізген санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының түпнұсқасын қосымша ұсынады;

9) отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген техникалық талаптарға сай келмеген жағдайда өтініш беруші сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы аттестатталған сарапшының техникалық қорытындысының (тұрғын үйді техникалық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша) түпнұсқасын қосымша ұсынады;

10) жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екі және одан да көп отбасы тұратын жағдайларда өтініш беруші өзі тұратын тұрғын үй-жайға техникалық паспорттың және құқық белгілейтін құжаттың көшірмелерін қосымша ұсынады;

11) отбасы құрамында кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын науқастар болып, бір үй-жайда (пәтерде) олармен бірге тұру мүмкін болмаған кезде өтініш беруші аурудың тиісті түрін растайтын құжатты қосымша ұсынады.

Сандықтау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі құжаттарды қабылдауды 2021 жылдың 15 ақпаны мен 15 наурызы аралығында жүзеге асырады.

Атап өткім келетіні, ауданда тұрғын үйді бөлу кезінде көрсетілген мерзімде түгендеу кезеңінде сенімді құжаттарды ұсынған кезекте тұрғандар бірінші кезекте қаралатын болады.

Растаушы құжаттар пакетін тапсыру кезінде толық ақпарат алу үшін жоғарыда көрсетілген бөлімге келесі мекенжай бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: Балкашино ауылы, Абылай хан көшесі, 119, немесе 9-11-25 телефоны бойынша.

Сандықтау ауданында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж, есепте тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізімдерін түгендеу
Дата публикации
10 февраля 2021