2026 жылғы 4 қазанға тағайындалған Сандықтау ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы хабарлама.

ХАБАРЛАМА

 2026 жылғы 4 қазанда Сандықтау ауданы Сандықтау ауылдық округінің сайлау округі бойынша сайлау өтті.

 

Сандықтау аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Сандықтау ауданы Сандықтау ауылдық округінің әкімін сайлаудың нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:

 

Сандықтау сайлау округі

Сандықтау ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1003 азамат енгізілді, олардың 832-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 0, «Бәріне қарсы» деген жолда -10.

Әрбір кандидатқа берілген дауыс саны:

Баубеков М.М. - 708; Есләм Б.Б. - 62; Шурманов Р.Қ. - 52.

Сандықтау ауылдық округінің әкімі болып 1974 жылы туған, «Жас Дәурен балалар білім беру-сауықтыру орталығы» КММ шаруашылық бөлімінің меңгерушісі Баубеков Мұрат Мұхамбетұлы сайланды, Сандықтау ауылдық округінің Сандықтау ауылында тұрады, Әділет партиясы ұсынған.

 

 

 

 

Сандықтау аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
05 октября 2026