Ақмола облысы Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Сандықтау ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес түскен құжаттарды қарап, Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ақмола облысы Сандықтау ауданы Сандықтау ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттар ретінде тіркеді:

  1. Баубеков Мурат Мухамбетович, 1974 жылы туған, Ақмола облысы білім басқармасының ««Жас дәурен» балалар оқу-сауықтыру орталығы» КММ-нің шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, Сандықтау ауданының Сандықтау ауылында тұрады, «Әділет» партиясы ұсынған.
  2. Еслям Берік Баянбайұлы, 1986 жылы туған, «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы, Сандықтау ауданының Балкашино ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
  3. Шурманов Руслан Кабидуллович, 1983 жылы туған, Сандықтау ауданының «Каменск ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Сандықтау ауданының Балкашино ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Дата публикации
14 сентября 2026