Сандықтау ауылдық округі әкімінің заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Сандықтау ауылдық округінің әкімін сайлауды тағайындау және әкімді сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабының 2 және 8-1 тармақшаларына, 113-1 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына, 2 және 4 тармақтарына сәйкес, Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2026 жылғы 4 қазанға Сандықтау ауылдық округі әкімінің заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, Сандықтау ауылдық округінің әкімін сайлау тағайындалсын.
  2. Сандықтау ауылдық округінің әкімін сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Сандыктауский край» газетінде жариялансын.

 

 

Сандықтау аудандық

аумақтық сайлау

комиссиясының төрайымы                                                    К.Әуезхан

 

 

Сандықтау аудандық

аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                      А.Омаров

 

 

 

Дата публикации
26 августа 2026