Сандықтау ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Сандықтау ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сандықтау ауданының әкімі                                                          С. Құдабай

 

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Сандықтау аудандық

аумақтық сайлау

комиссиясы

Дата публикации
10 июля 2026