GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Байланыс ақпараты
Все материалы
21 октября 2026
Кемсітушілікке жол жоқ !
21 октября 2026
Халық бірлігі - мемлекет қуаты
21 октября 2026
Әртүрліліктегі бірлік
15 сентября 2026
Зурделі ұлт неден басталады?

https://www.instagram.com/reel/DdRgcLkqIn7/?stkn=MTYwajkxYWh1bjg5eA==

15 сентября 2026
Кітап оқитын ұлт- өркендеген ұлт!
15 сентября 2026
Республикалық кітап оқу марафонына қатыс
15 сентября 2026
ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ

Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.
Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:
- «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;
- «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;
- «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;
- «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;
- «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;
- «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;
- «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.
Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.
Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.
Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге.
Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.
«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың өзімен ғана шектелмейді.
«Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол ашып отырмыз.
Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков.
Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz
Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек.
Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

14 сентября 2026
Сіздерге Ақмола облысының мемлекеттік органдарындағы төменгі лауазымдарға конкурстан тыс тағайындалу мүмкіндігінің бар екенін хабарлаймыз!

Құрметті жас түлектер! Сіздерге Ақмола облысының мемлекеттік органдарындағы төменгі лауазымдарға конкурстан тыс тағайындалу мүмкіндігінің бар екенін хабарлаймыз! Негізгі шарттары: 1) конкурссыз орналасу мүмкіндігі ЖОО бітіргеннен соң 1 жыл ішінде іске асырылады; 2) білім туралы дипломның GPA деңгейі кем дегенде 3.33 құрауы тиіс; 3) мамандығыңыз лауазымның біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс. 4) конкурссыз Ақмола облысының аудандары мен қалаларындағы (Көкшетау қаласынан басқа) мемлекеттік органдарда бас маман / жетекші маман лауазымдарына орналасуға болады. Ауылдық елді-мекендерге орналасқан жас мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік несие беру мүмкіндігі қарастырылады. Мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу үшін baspasoz_kyzmet@mail.ru почтасына келесі мәліметтерді жолдау қажет: 2026 жылы алынған білім туралы құжат (диплом) және оның қосымшалары; жұмыс істегіңіз келетін аудандардың және қалалардың (Көкшетау қаласынан басқа) атаулары; үміткердің байланыс мәліметтері (телефон нөмірі). Мемлекеттік қызметтегі өзекті жаңашылдықтар: @zhazira_toqtar @elgeqyzmet.aqmola Осы мәселеге қатысты кеңес алу үшін 8 (7162) 51 81 32 телефон нөміріне хабарласуға болады.

14 сентября 2026
камера 360

 Құрметті мемлекеттік қызметке түскісі келетін азаматтар! Eqyzmet.gov.kz порталы арқылы конкурсқа қатысу барысында бөлмеге 360 градус форматында шолу жүргізу тәртібіне қатысты көптеген кандидаттарды мазалап жүрген өзекті сұрақтарға жауап беру үшін арнайы бейне-нұсқаулық әзірленді. Мемлекеттік қызметтегі өзекті жаңашылдықтар: @zhazira_toqtar @elgeqyzmet.aqmola Мемлекеттік қызметке түсу тәртібі бойынша сұрақтар туындаған жағдайда 8 (7162) 51 81 32 телефоны арқылы хабарласуға болады.

14 сентября 2026
Мемлекеттік қызметшілерге демалыстың қандай түрлері беріледі?

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының жаңа редакциясына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге қосымша төленетін демалыс күндері беріледі. Толығырақ ақпаратты бейнероликтен көре аласыздар. Мемлекеттік қызметтегі өзекті жаңашылдықтар: @zhazira_toqtar @elgeqyzmet.aqmola Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамаға қатысты кеңес алу үшін 8 (7162) 51 81 32 телефон нөміріне хабарласуға болады.Какие виды отпусков предоставляются госслужащим? Согласно новой редакции Закона «О государственной службе Республики Казахстан», государственным служащим предоставляются дополнительные оплачиваемые дни отпуска. Подробнее смотрите в видео. Актуальные новшества в сфере государственной службы: @zhazira_toqtar @elgeqyzmet.aqmola Для получения разъяснений по положениям действующего законодательства в сфере государственной службы можно обращаться по номеру телефона 8 (7162) 51 81

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы