
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды немесе олардың жиынтығын іске асыру нысандарының бірі. "Широков ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ Мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсетуде мемлекеттік саясатты жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті алушыларға әдістемелік, ақпараттық және консультациялық көмек көрсетеді. Әкім аппаратының құзыретіне мемлекеттік қызметтердің 5 түрін көрсету кіреді: жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру; кент, ауыл жерінен жер учаскесін беру; Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу;жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп-бөліп сату; Жер учаскесін алуға кезекке қою. Әкім аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді egov.kz; мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған ақпараттық стендтер бар. Әлеуметтік желілерде, әкім аппаратының ресми беттерінде Мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы жарияланымдар орналастырылады. Көрсетілетін қызметті алушылармен мемлекеттік органға жүгінген кезде ЭЦҚ, бір реттік пароль, мобильді қосымшалар арқылы электрондық форматта көрсетілетін қызметтерді алу туралы түсіндіру әңгімелесулері жүргізіледі