Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару қызметiнiң экономикалық және қаржылық негiзiн:
1) жергiлiктi бюджет;
2) коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiліп берілген мүлiк;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммуналдық меншiктегi өзге де мүлiк құрайды.
Осы Кодексте айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің, оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеті болып табылады.
Ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісілгеннен кейін аудан мәслихатының шешімімен бекітіледі.