Өтініш – өтінішті қарайтын субъектіге не лауазымды тұлғаға жеке немесе алқалы түрде жазбаша, ауызша не электрондық құжат, бейнеконференцбайланыс, бейне хабарлама, ұсыныс, арыз, шағым, сұрау салу немесе жауап түрінде жіберіледі.
Өтінішті қарау – субъектінің немесе лауазымды тұлғаның өз құзыреті шегінде тіркелген өтініш бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешім қабылдауы.