ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ
Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.
Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:
- «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;
- «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;
- «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;
- «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;
- «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;
- «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;
- «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.
Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.
Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.
Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге.
Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.
«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың өзімен ғана шектелмейді.
«Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол ашып отырмыз.
Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков.
Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz
Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек.
Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.
Ақмола облысының, Сандықтау ауданы, Берлік ауылдық округі әкімінің аппаратында азаматтардың құқықтық сауаттылығын және мәдениетін арттыру мақсатында халықтың қолданыстағы және талқылаудағы нормативтік құқықтық актілерімен танысу үшін ақпараттық жүйеге қолжетімділігімен «құқық кабинеттері», «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» қызмет атқарады.
«Құқық кабинеттері», «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарға, оның ішінде: «Әділет»ААЖ, НҚА эталондық бақылау банкі, «Заң» деректер базасы, «Ашық НҚА» порталы, «eGov», «e-Өтініш», «ZANKomegi» және «Тараптар кабинеті» жүйелеріне қолжетімділік қамтамасыз етілген.
«Құқық кабинеттерінің» «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» халыққа құқықтық және ақпараттық-түсіндіру көмегін көрсету үшін қажетті жарамды компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған.
Құрметті азаматтар Сандықтау ауданы, Берлік ауылдық, құқықтық сұрақтар туындаған кезде Сіз Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Еңбек көшесі 1-үй. Жұмыс уақыты: сағат 09-00-ден 18:00-ға дейін, мекенжайы бойынша көрсетілген құқықтық кабинетті қолдана аласыз.
Құрметті жас мамандар! Сіздерге мемлекеттік қызметтегі кейбір лауазымдарға конкурстан тыс тағайындалу мүмкіндігінің бар екенін хабарлаймыз!
Негізгі шарттары:
1) конкурссыз орналасу мүмкіндігі ЖОО бітіргеннен соң 1 жыл ішінде іске асырылады;
2) білім туралы дипломның GPA деңгейі кем дегенде 3.33 құрауы тиіс;
3) мамандығыңыз лауазымның біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс;
4) конкурссыз орналасу мүмкіндігі облыстық маңызы бар қаладан басқа (Көкшетаудан басқа) аудан / қалаларда іске асырылады;
Конкурссыз иеленуге болатын мемлекеттік әкімшілік лауазымдар:
1️⃣ ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың (Көкшетау қаласынан басқа) әкімі және мәслихаты аппараттарының төменгі лауазымына;
2️⃣ ауданның және облыстық маңызы бар қаланың (Көкшетау қаласынан басқа) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының басшы емес лауазымына;
3️⃣ аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшы емес лауазымына;
4️⃣ орталық мемлекеттік орган мен оның ведомствосының аудандағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы (Көкшетау қаласынан басқа) аумақтық бөлімшесінің басшы емес лауазымына.
Ауылдық елді-мекендерге орналасқан жас мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік несие беру мүмкіндігі қарастырылады.
Сізді осы ақпарат қызықтырса, не болмаса толығырақ кеңес алғыңыз келсе мемлекеттік органдардың кадр қызметтеріне тікелей жүгінуге, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне @elgeqyzmet.aqmola Көкшетау қаласы, Абай көшесі 87, 3 қабат мекенжайы, 8 716 2 51 81 32 телефоны арқылы хабарласуға болады.
Берлік ауылдық округінде аумақты абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді.
Акция барысында саябақ аумағында шөп шабылып, айналасы ретке келтірілді. Атқарылған жұмыстар елді мекеннің тазалығы мен көркейтуіне бағытталған.
Тазалық – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі!