2024 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша талдамалық анықтама

2024 жылға Сандықтау ауданы «Белгород ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жұмыс туралы есебіне аналитикалық анықтама  

 

«Белгород ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтердің сапалы және уақытында көрсетілуіне мемлекеттік саясатты жүзеге асырады, қызмет алушыларға әдістемелік, ақпараттық және консультативтік көмек көрсетеді. Әкім аппаратының құзыретіне қызмет көрсетудің 6 түрі кіреді. Мемлекеттік қызметтердің сапалы және уақытында көрсетілуі және есептерді уақытында тапсыру үшін жауапты тұлға етіп бас маман М.Авдеева тағайындалды. «Белгород ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ есеп беру кезеңіне келесі қызмет көрсетілді:

- «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»

1 кезең – 11 қызмет

2 кезең – 11 қызмет

- «Жер учаскесін алуға кезекке қою» - 2 қызмет.

- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 1 қызмет.

Egov.kz өзіне-өзі қызмет ету бұрышы арқылы азаматтар 200  электрондық қызмет алды.

Қызмет алушылармен ақпараттық жұмыс жүргізу:

Жыл бойы Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат әлеуметтік желілерде мемлекеттік органның ресми беттерінде орналастырылды.

Әкім аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету ережелері, өтініш үлгілері орналастырылған ақпараттық стендтер бар.

Барлық мемлекеттік қызметтер қызмет көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес қатал жасалады. Қызмет алушылардың өтініштерін қабылдауға негізсіз бас тартулар, қызмет көрсету мерзімдерін бұзу деректері белгіленген жоқ.

Мемлекеттік органға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушылармен ЭЦҚ, мобильді қосымшалар арқылы электрондық форматта көрсетілетін қызметтерді алу туралы түсіндіру әңгімелері жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыс одан әрі жалғасатын болады.

  Есеп мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша 1, 2-қосымшаларға сәйкес дайындалды.

 

 

Белгород ауылдық округінің әкімі                                                                             Б. Жанғожин

 

Дата публикации
06 января 2025