| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 118 бұйрығына 9-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына 9-қосымша |
1. Осы "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушы кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми цифрлық өзара іс-қимылына арналған "цифрлық үкіметтің" веб-порталының құрамдасы;
3) жер учаскесі – Қазақстан Республикасы Жер кодексімен (бұдан әрі – Кодекс) белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;
4) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесі (бұдан әрі – ЖМБМК) – жүргізу тәртібі осы Кодексте және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын жер және құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтитын цифрлық жүйе;
5) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;
6) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
"Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
4. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорацияның операциялық залының жұмыскері (операторы) өтінішті қабылдаудан бас тартады.
5. Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжатты иесінің келісімі болған жағдайда алады.
Цифрлық жүйелерде қамтылған дербес деректер мен заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші порталда тіркелген кезде көрсетілетін қызметті алушының келісуімен жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет екі кезеңде көрсетіледі.
Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны жасау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде:
1) операциялық залдың жұмыскері (операторы) Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді 30 (отыз) минут ішінде жүзеге асырады;
2) операциялық залдың жұмыскері (операторы) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттарды курьер арқылы құжаттар келіп түскен күні 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушіге береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды және оларды ауданның, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақтағы) жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияны жүзеге асыратын, жер учаскесі орналасқан жердегі құрылымдық бөлімшесіне жібереді;
4) құрылымдық бөлімшенің басшысы құжаттарды қарайды, құжаттар келіп түскен күні жауапты орындаушыны айқындайды;
5) құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы бекітілген қала құрылысы құжаттарына сәйкес 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ахуалдық схемасы бар жер учаскесін таңдау актісін, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, техникалық шарттарды алу үшін сауалнама парағын, топографияны дайындайды және оларды бір мезгілде келісуге барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілеріне және Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелері арқылы не келісуші органдарда осы жүйелер болмаған кезде қағаз жеткізгіштерде жібереді.
Келісуші органдар 12 (он екі) жұмыс күні ішінде мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытынды ұсынады.
Табиғи монополиялар субъектілері сауалнама парағын алған күннен бастап техникалық шарттарды, ахуалдық схеманы және топографияны алу үшін 5 (бес) жұмыс күні ішінде инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды дайындайды және ұсынады.
Мемлекеттік корпорацияның қорытындысына сұратылып отырған жер учаскесі бойынша мәліметтер және жер-кадастрлық жұмыстары үшін смета қоса беріледі.
Сұралып отырған жер учаскесі бос болмаған жағдайда Мемлекеттік корпорация 3 (үш) жұмыс күні ішінде құрылымдық бөлімшеге жер учаскесіне құқық беруден бас тартуға негіз болатын тиісті ақпаратты жібереді;
6) оң қорытындылар келіп түскен жағдайда – құрылымдық бөлімше 5 (бес) жұмыс күні ішінде сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны қоса бере отырып, жер учаскесін таңдаудың түпкілікті актісін дайындайды және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысына қол қоюға жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде – құрылымдық бөлімше 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама дайындайды және құрылымдық бөлімшенің басшысына қол қоюға жібереді;
7) құрылымдық бөлімшенің басшысы құжат келіп түскен күні жер учаскесін таңдау актісін не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны қарайды және оған қол қояды;
8) құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушымен келісу үшін жер учаскесін таңдау актісін және жер-кадастрлық жұмыстарға (жер-кадастрлық жоспарды жасауға) сметаны жібереді. Жер учаскесін таңдау актісін келісу және жер-кадастрлық жұмыстар бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді көрсетілетін қызметті алушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Көрсетілетін қызмет алушымен келісілмеген жер учаскесін таңдау актісінің қолданылу мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды.
Жер учаскесін таңдау актісін келіскеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын алу күні туралы хабарлама қол қою үшін береді.
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін Мемлекеттік корпорация құрылымдық бөлімшеге көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, келісілмеген жер учаскесін таңдау актісінің күшін жою үшін қайтарады.
Екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесін таңдау актісін келісу және жер-кадастрлық жұмыстардың қызметтері үшін ақы төлеу кезінде жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасау – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде:
1) Мемлекеттік корпорация 10 (он) жұмыс күні ішінде жер-кадастрлық жоспарды дайындайды және оны облыстың, облыстық маңызы бар қаланың және ауданның жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына (бұдан әрі – жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган) жібереді;
2) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер-кадастрлық жоспарды қарайды, бекітеді және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысын айқындайды;
3) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы жер-кадастрлық жоспар бекітілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің жобасын дайындайды.
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы шешімді қарайды және қол қояды.
Жер учаскесіне құқық беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімінің көшірмесі, жер-кадастрлық жоспар 1 (бір) жұмыс күні ішінде уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын дайындау үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің көшірмесі және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган қол қойған уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шарты Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті алушыға қол қою үшін жіберіледі;
6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 15 (он бес) минут ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді және курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға береді;
7) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру қолхат негізінде, жеке куәлікті не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) алынған электрондық құжатты (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкіліне) ұсынған кезде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартына қол қояды.
7. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет екі кезеңде көрсетіледі.
Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны жасау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 15 (он бес) минут ішінде келіп түскен құжаттарды тіркейді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды және оларды жер учаскесі орналасқан жердегі құрылымдық бөлімшеге жібереді;
3) құрылымдық бөлімшенің басшысы құжаттарды қарайды, құжаттар келіп түскен күні жауапты орындаушыны айқындайды;
4) құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы 7 (жеті) жұмыс күні ішінде бекітілген қала құрылысы құжаттарына сәйкес ахуалдық схемасы бар жер учаскесін таңдау актісін, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, техникалық шарттарды алу үшін сауалнама парағын, топографияны дайындайды және оларды бір мезгілде келісуге барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілеріне және Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелері арқылы не келісуші органдарда осы жүйелер болмаған кезде қағаз жеткізгіштерде жібереді.
Келісуші органдар 12 (он екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытынды ұсынады.
Табиғи монополиялар субъектілері техникалық шарттарды, ахуалдық схеманы және топографияны алу үшін сауалнама парағын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды дайындайды және ұсынады.
Мемлекеттік корпорацияның қорытындысына сұратылып отырған жер учаскесі бойынша мәліметтер және жер-кадастрлық жұмыстары үшін смета қоса беріледі.
Сұралып отырған жер учаскесі бос болмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация 3 (үш) жұмыс күні ішінде құрылымдық бөлімшеге жер учаскесіне құқық беруден бас тартуға негіз болатын тиісті ақпаратты жібереді;
5) оң қорытындылар келіп түскен жағдайда – құрылымдық бөлімше 5 (бес) жұмыс күні ішінде сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны қоса бере отырып, жер учаскесін таңдаудың түпкілікті актісін дайындайды және құрылымдық бөлімшенің басшысына қол қоюға жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде – сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама дайындайды және құрылымдық бөлімшенің басшысына қол қоюға жібереді;
6) құрылымдық бөлімшенің басшысы құжат келіп түскен күні жер учаскесін таңдау актісін не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны қарайды және оған қол қояды;
7) құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті алушымен келісу үшін ЭЦҚ қойылған, электрондық құжат нысанындағы жер учаскесін таңдаудың түпкілікті актісін және жер-кадастрлық жұмыстарға (жер-кадастрлық жоспарды жасауға) арналған сметаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесін таңдаудың түпкілікті актісін келісуді және оның жер-кадастрлық жұмыстар үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының келісілмеген жер учаскесін таңдау актісінің қолданылу мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды.
Жер учаскесін таңдау актісін келіскеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қол қою үшін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын алу күні туралы хабарлама береді.
Екінші кезең: жер учаскесін таңдау актісін келісу және көрсетілетін қызметті алушы жер-кадастрлық жұмыстардың қызметтері үшін ақы төлеу кезінде жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу кезінде – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде:
1) Мемлекеттік корпорация 10 (он) жұмыс күні ішінде жер-кадастрлық жоспар дайындайды және оны жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
2) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер-кадастрлық жоспарды қарайды, бекітеді және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысын айқындайды;
3) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы жер-кадастрлық жоспар бекітілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің жобасын дайындайды.
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы шешімді қарайды және қол қояды.
Жер учаскесіне құқық беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімінің көшірмесі, жер-кадастрлық жоспар 1 (бір) жұмыс күні ішінде уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын дайындау үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің көшірмесі және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган қол қойған уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шарты портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі;
6) көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартына қол қояды.
8. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші ахуалдық схемасы бар жер учаскесін таңдау актісін дайындау, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны жасау, жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) шарт жасасу туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не көрсетілетін қызметті беруші арқылы беріледі.
9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
10. Цифрлық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші цифрлық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.
Цифрлық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
11. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
12. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым ҚР ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы акт қабылданған, әкімшілік әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.
13. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себебін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) хабарлайды.
14. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
| "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
Жүктеу
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Облыстардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
|
2 |
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері |
"Цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы. |
|
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны жасау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде. |
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара цифрландырылған)/қағаз түрінде. |
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту. |
|
6 |
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін. |
|
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілердің жұмыс графигі |
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс графигіне сәйкес; |
|
8 |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
бірінші кезең: |
|
9 |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
|
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
__________________________________________________________ орналасқан
(жер учаскесінің орналасқан жері)
алаңы _________________ гектар ___________________________________ үшін (жер учаскесінің нысаналы мақсаты) жер учаскесіне ____________ жыл мерзімге уақытша өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану құқығын беруіңізді сұраймын. Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Көрсетілетін қызметті алушы ____________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)
| "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша Нысан |
|
Көрсетілеті қызметті |
|
Наименование |
|
|
|
|
||
№ ____________________ "___" ___________ 20___ жылғы
Кент, ауыл поселок, село
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабына сәйкес ШЕШТІ:
1. _____________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі немесе жер учаскесіне құқық берілетін заңды тұлғаның атауы) ____________________________________________ орналасқан жер учаскесіне, (жер учаскесінің орналасқан жері) _______________________________________________________________ үшін, (жер учаскесінің нысаналы мақсаты) алаңы ___________ гектар, __________________________________ жерлерінен (алаңы, гектар) (жер санаты) жер учаскесіне __________________________________ құқық ұсынылсын. (жерге құқық түрі, ауыртпалықтар, сервитуттар) Жер учаскесі ______________________________ (бөлінеді/бөлінбейді) _______________________________________________________________ (жер учаскесін беруге байланысты өзге де мәліметтер, бар болса)
2. Жер қатынастары саласындағы уәкілетті органы 1 (бір) жұмыс күні ішінде (сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау)) шартын _____________________________________________________________ жасассын (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі не жер учаскесіне құқық берілетін заңды тұлғаның атауы)
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін әкімнің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы шешім жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеген сәттен бастап күшіне енеді.
|
Лауазымы |
Аты-жөні |
| "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 4-қосымша Нысан |
Құрметті _______________
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылатыны туралы хабарлаймыз, өйткені: ______________________________________________________________ (бас тарту себептерін санамалау) Бас тарту мәселесі бойынша тыңдау осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазу керек): _______________________________________________________________ (тыңдау өткізу күні мен уақыты, тыңдау өткізу орны (тәсілі): мекенжайы бойынша ғимаратта: / бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары арқылы)
Көрсетілетін қызметті беруші _____________________________________
(басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
20____ жылғы "____" ___________