
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы
«Белгород ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсетуде мемлекеттік саясатты жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті алушыларға әдістемелік, ақпараттық және консультациялық көмек көрсетеді. Әкім аппаратының құзыретіне мемлекеттік қызметтердің 7 түрін көрсету кіреді:
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;
Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу;
Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төліп не бөліп төлеу арқылы сату;
Жер учаскесін алуға кезекке қою;
Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту;
Құрылысты пайдалануға бергеннен кейін бұрын жалға берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру.
Әкім аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді egov.kz; мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған ақпараттық стендтер бар. Әлеуметтік желілерде, әкім аппаратының ресми беттерінде Мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы жарияланымдар орналастырылады.
Көрсетілетін қызметті алушылармен мемлекеттік органға жүгінген кезде ЭЦҚ, бір реттік пароль, мобильді қосымшалар арқылы электрондық форматта көрсетілетін қызметтерді алу туралы түсіндіру әңгімелесулері жүргізіледі.