Меню

Страницы

Статья

«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

 

  1. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

 

1) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі;

 

2) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;

 

3) "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми цифрлық өзара іс-қимылына арналған "цифрлық үкіметтің" веб-порталының құрамдасы;

 

4) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

 

2-тарау. "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

 

  1. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

 

"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

 

  1. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сатуға арналған өтінішті (бұдан әрі – өтініш) және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті беруші арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады.

 

Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

 

  1. Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.

 

Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

 

Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

 

  1. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

 

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

 

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар жазады және оларды құжаттар келіп түскен күні жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысына орындау үшін жібереді;

 

3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны айқындайды;

 

4) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

 

көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді;

 

кадастрлық құжаттама бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді;

 

мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын дайындайды және оны жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысына жібереді;

 

5) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын келіседі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді;

 

6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімді тексереді және қол қояды;

 

7) жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешім кеңсе арқылы көрсетілетін қызметті алушыға беріледі.

 

  1. Портал арқылы жүгінген кезде:

 

1) өтінім көрсетілетін қызметті берушінің басшысына келіп түседі;

 

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар жазады және құжаттар келіп түскен күні оларды орындау үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысына жібереді;

 

3) уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны айқындайды;

 

4) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

 

көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді;

 

кадастрлық құжаттама бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді;

 

мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын дайындайды және оны жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысына жібереді;

 

5) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын келіседі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді;

 

6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімді тексереді және қол қояды;

 

7) жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешім портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.

 

  1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.

 

Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

 

Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

 

Тыңдау нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не көрсетілетін қызметті беруші арқылы беріледі.

 

  1. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

 

  1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

 

  1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

 

  1. Цифрлық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші цифрлық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.

 

Цифрлық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

 

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

 

Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

 

көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

 

мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

 

Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

 

1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

 

2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзім ұзартылады.

 

Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.

 

  1. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

 

"Жер учаскесін жеке меншіккеақысын бірден төлеп не бөліптөлеу арқылы сату" мемлекеттікқызметін көрсету қағидаларына1-қосымша

 

"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

 

1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

 

2 Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

"Цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы.

 

3 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні.

 

4 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара цифрландырылған)/қағаз түрінде.

 

5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

 

6 Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

 

7 Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілердің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 17-30-ға дейін жүзеге асырылады.

2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

 

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында;

2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.kz интернет-ресурсында;

3) порталда орналастырылған.

 

8 Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды ұсынады:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) бекітілген "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сатуға арналған өтініш;

2) жеке куәлік не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі.

 

Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы порталға мыналарды ұсынады: 1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда, ұялы байланыс операторы ұсынған бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанында Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сатуға арналған өтініш;

2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, жеке басты куәландыратын құжат туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден талап етеді.

 

9 Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі. 10 Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда не бір реттік құпиясөз арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы "пайдаланушының кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне өтiнiш жасамаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші беру үшін олардың бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін олар құжаттарды жүйелеу және сақтау бөліміне (техникалық мұрағат) одан әрі сақтау үшін береді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777. Цифрлық құжаттар қызметі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңба немесе бір реттік құпиясөз арқылы мобильді қосымшада авторизациядан өтіп, "Цифрлық құжаттар" бөліміне өту және қажетті құжатты таңдау керек.

 

Дереккөз: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021366

Дата публикации
19 июня 2026
Дата обновления
29 сентября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 июня 2026
«Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Ақпарат
19 июня 2026
«Құрылысты пайдалануға бергеннен кейін бұрын жалға берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Ақпарат
19 июня 2026
«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы