Қазақстан РеспубликасыАуыл шаруашылығыминистрінің2020 жылғы 1 қазандағы№ 301 бұйрығына10-қосымша
"Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Ескерту. 10-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.04.2026 № 118 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) жария кадастрлық карта – Қазақстан Республикасының жер, құқықтық, қала құрылысы кадастрларынан алынған ақпаратты (мәліметті), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың өзге де мәліметтерін қамтитын цифрлық карта;
3) жерге орналастыру жобасы – жер учаскесінің схемасы (жоспары), жер учаскесінің алаңы, оның шекаралары мен орналасқан жері туралы мәліметтер, жер учаскелерінің аралас меншік иелері мен жер пайдаланушылар туралы және жер учаскелеріне ауыртпалықтар мен сервитуттар туралы мәліметтер;
3) жер комиссиясы – өтініштерді (өтінімдерді) қарауға және жер учаскелеріне құқықтар беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің (елді мекен жерлерін қоспағанда) нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы қорытындылар дайындауға арналған облыстың, республикалық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақтағы) және ауданның жергілікті атқарушы органының жанындағы алқалы орган;
5) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі;
6) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;
7) "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – "цифрлық үкіметтің" веб-порталының жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық түрде қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми цифрлық өзара іс-қимылға арналған құрамдасы;
8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
2-тарау. "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
"Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген жағдайда, өтініш пен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Бірінші кезең: осы тармаққа сәйкес сұралып отырған жер учаскесін пайдалану мүмкіндігін айқындау орналасуы жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға кедергі келтірмейтін бұрын белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтары ескеріле отырып жүзеге асырылады, жер учаскесін алдын ала таңдау (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесі сұралған кезде), жер комиссиясының қорытынды дайындауы – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде:
1) операциялық залдың жұмыскері (операторы) құжаттар келіп түскен күні Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның операциялық залының жұмыскері (операторы) өтінішті қабылдаудан бас тартады;
2) құжаттар толық болған жағдайда операциялық залдың жұмыскері (операторы) құжаттар келіп түскен күні көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттарды курьер арқылы көрсетілетін қызметті берушіге береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және құзыреті шегінде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органға сұралып отырған жер учаскесін аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау үшін орындауға жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 92 және 93-баптарына сәйкес заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған адамдардың тізілімінде тұрған жағдайда, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде уәжді бас тартуды дайындайды;
4) жер қатынастары жөніндегі және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органдар өтініш келіп түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды және материалдарды жер комиссиясына енгізеді;
5) жер комиссиясының қорытындысы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган жер комиссиясына сұралып отырған жер учаскесін аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсынысты берген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім нысанында үш данада жасалады;
6) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жұмыскері:
жер комиссиясының оң қорытындысы болған жағдайда, 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер комиссиясы қорытындысының бір данасын көрсетілетін қызметті алушыға жерге орналастыру жобасын дайындау үшін жолдайды;
жер комиссиясының теріс қорытындысы болған жағдайда жер комиссиясының хаттамалық шешіміне шағымдану мерзімі 7 (жеті) жұмыс күні өткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды дайындайды;
кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдаған жағдайда, жер комиссиясының қорытындысы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жіберіледі.
Екінші кезең: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау және сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:
1) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның қызметкері бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде және мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болмаған кезде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімнің және сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартының жобасын дайындауды және келісуді қамтамасыз етеді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы шешімге қол қояды;
3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімнің негізінде сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартына қол қояды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін курьер арқылы жібереді;
5) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру Мемлекеттік корпорацияның жұмыс графигіне сәйкес жеке басын куәландыратын не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген, өкілдің тиісті өкілеттілігі көрсетілген құжаттың негізінде әрекет ететін оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттар ұсынылған кезде жүзеге асырылады.
Бірінші кезең: осы тармаққа сәйкес сұралып отырған жер учаскесін пайдалану мүмкіндігін айқындау орналасуы жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға кедергі келтірмейтін бұрын белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтары ескеріле отырып жүзеге асырылады, жер учаскесін алдын ала таңдау (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесі сұралған кезде), жер комиссиясының қорытынды дайындауы – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оны алмастыратын адамға береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам 1 (бір) жұмыс күні ішінде аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша сұралып отырған жер учаскесін пайдалану мүмкіндігін айқындау үшін құзыреті шегінде құжаттарды қарайды және жер қатынастары жөніндегі және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органдарға орындауға жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы Жер кодексінің 92 және 93-баптарына сәйкес заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алынып қойылған адамдар тізілімінде тұрса, онда жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды;
3) жер қатынастары жөніндегі және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органдар өтініш келіп түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде сұралып отырған жер учаскесін аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды және материалдарды жер комиссиясына енгізеді;
4) жер комиссиясының қорытындысы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган жер комиссиясына сұралып отырған жер учаскесін аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсынысты берген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім нысанында үш данада жасалады;
5) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жұмыскері:
жер комиссиясының оң қорытындысы болған жағдайда, 1 (бір) жұмыс күні ішінде жерге орналастыру жобасын дайындау үшін жер комиссиясы қорытындысының бір данасын көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды;
жер комиссиясының теріс қорытындысы болған жағдайда, жер комиссиясының хаттамалық шешіміне шағымдану мерзімі 7 (жеті) жұмыс күні өткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәжді бас тартуды дайындайды;
кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері шешім қабылдаған жағдайда, жер комиссиясының қорытындысын көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жібереді.
Екінші кезең: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау және сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:
1) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жұмыскері бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде және мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімнің және сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартының жобасын дайындауды және келісуді қамтамасыз етеді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы шешімге қол қояды;
3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 1(бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімнің негізінде сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартына қол қояды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
Тыңдау өткізу туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдайды және сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасады не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тыңдау нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамның ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не Мемлекеттік корпорация арқылы беріледі.
Цифрлық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы акт қабылданған, әкімшілік әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себебін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) хабарлайды.
"Сауда-саттықты(аукциондарды) өткізуді талапетпейтін мемлекетменшігіндегі жер учаскелерінеқұқықтарды алу" мемлекеттікқызметін көрсету қағидаларына1-қосымша
"Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақтағы), аудандардың жергілікті атқарушы органдары және кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері
2 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы;
2) "Цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).
3 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес, мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалануына кедергі келтірмейтін бұрын белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтары ескере отырып айқындау, жер учаскесін алдын ала таңдау, жер комиссиясының қорытындысын дайындау – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде.
Екінші кезең: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау және сатып алу-сату шартын немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
4 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
Электрондық (ішінара цифрландырылған)/қағаз түрінде.
5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.
6 Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Тегін.
7 Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілердің жұмыс графигі
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
3) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
3) порталда орналастырылған. 8 Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі бірінші кезең: әуеайлақ маңындағы аумақта орналасқан жер учаскесі берілген жағдайда: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру қағидаларына сәйкес берілетін әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат.
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) бекітілген "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) жер учаскелерін мемлекет меншігінен беру үшін инвестициялық жобаны айқындау туралы шешім.
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) іздестіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат.
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары).
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) іздестіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат;
4) уәкілетті органмен бекітілген реновациялау бағдарламасы
5) көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы және олардың инженерлік-коммуникациялық желілері үшін "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысында үлестік қатысуға кепілдік беру туралы шарт;
6) Жер кодексінің 71-бабында көзделген талаптардың орындалғанын растайтын құжаттар (бөлініп берілген жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктің әрбір меншік иесімен жасалған шарттар, жер учаскелерінің нысаналы мақсаты өзгерту туралы шешім немесе олардан мемлекет пайдасына бас тарту туралы шешім, объектіні кейіннен кәдеге жарату).
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) кондоминиум құру туралы хаттама;
4) кондоминиум объектісін пайдалану және күтіп ұстау туралы көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындарының жалпы жиналысының хаттамасы.
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт;
4) жер учаскесін беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретіне кірген жағдайда – төмен тұрған жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру мүмкіндігі туралы шешімі.
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) арнайы экономикалық аймақтың немесе индустриялық аймақтың қатысушысының мәртебесін растаушы құжат.
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) су шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау органдарының жер учаскесінің орналасқан жерінің координаттары бар қорытындылары;
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) теміржол, автомобиль, теңіз және ішкі су, әуе, құбыр көлігі және байланыс және энергетика уәкілетті органдарының келісуі.
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) коммуникациялардың өту схемасы.
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары).
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (ауциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) жергілікті атқарушы органның объектінің облыстың даму жоспарына енгізілгені туралы шешімі;
4) құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда инженерлік желілерге қосылуға арналған сауалнама парағы.
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің сызбасы (жоспары).
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт немесе концессия шарты.
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар органдарының олардың құзыретіне сәйкес инвестициялық және инновациялық жобаны іске асыру туралы шешімі.
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) жергілікті атқарушы органның жобаны инвестициялық жоба деп тану туралы шешімі.
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) қатысушылардың жалпы жиналысының құрамнан шығу туралы хаттамасы.
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) уәкілетті орган мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған модельдік келісімшарт;
4) құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда, инженерлік желілерге қосылуға арналған сауалнама парағы.
2) сұратылып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беру туралы шешімнің көшірмесі;
4) балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың көшірмесі. Екінші кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы және жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрық. Портал арқылы жүгінген жағдайда тізбеде көрсетілген құжаттар элоктрондық құжаттар көшірмесі ретінде ұсынылады. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, жеке басты куәландыратын құжат туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын қызметтің басталуы туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден талап етеді.
9 Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
1) көрсетілетін қызметті алушымемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы;
4) көрсетілетін қызметті алушының Кодекстің 92 және 93-баптарына сәйкес заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алынып қойылған адамдар тізілімінде болуы.
10 Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар. Көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда не бір реттік құпиясөз жолымен, портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777. Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік құпиясөзді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизациядан өту керек, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжат таңдау қажет.
Дереккөз: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021366