|
бұйрығына 1-қосымша
|
«Құрылысты пайдалануға бергеннен кейін бұрын жалға берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;
2) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы);
3) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;
4) жер учаскесіне жеке меншік құқығы – азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың өздеріне тиесілі жер учаскесін осы Кодексте белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығы.
1-параграф. Мемлекеттік қызметті көрсету
«Құрылысты пайдалануға бергеннен кейін бұрын жалға берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
1) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы қорытынды келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын дайындайды;
2) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын келіседі;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімге қол қояды.
Жеке меншік құқығын сатып алған кезде:
көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің көшірмесі жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға жер учаскесін сатып алу-сату шартын әзірлеу үшін жолданады.
Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін сатып алу-сату шартын әзірлейді.
Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін сатып алу-сату шартына қол қояды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешім не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы қол қойған мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.
Цифрлық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
2-параграф. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей ішінде шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.
көрсетілетін қызметті беруші, ведомство – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам, шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қарау мерзімі ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нұсқада (шағымды электрондық түрде берген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып хабарлайды.
|
|
«Құрылысты пайдалануға бергеннен кейін бұрын жалға берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
«Құрылысты пайдалануға бергеннен кейін бұрын жалға берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
|
1 |
Көрсетілетін қызметтің атауы |
«Құрылысты пайдалануға бергеннен кейін бұрын жалға берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру». |
|
|
2 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
|
|
3 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы |
Жоқ. |
|
|
4 |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері |
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі. |
|
|
5 |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі |
8 (сегіз) жұмыс күні ішінде. |
|
|
6 |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны |
Қағаз түрінде. |
|
|
7 |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі |
Жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімі және сатып алу-сату шартын жасау (жеке меншік құқығын сатып алған кезде) не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту. |
|
|
8 |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін. |
|
|
9 |
Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілердің жұмыс графигі |
Көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ға дейін. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мыналарда орналастырылған: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында; 2) порталда. |
|
|
10 |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті берушіге: 1) осы бұйрықпен бекітілген «Құрылысты пайдалануға бергеннен кейін бұрын жалға берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылысты пайдалануға бергеннен кейін бұрын жалға берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы өтініш; 2) сәйкестендіру құжатының көшірмесі (жер учаскесін уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығы актісі не жер-кадастрлық жоспары); 3) жер учаскесін уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) шартының көшірмесі; 4) жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшесінде есепке алынған және мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесіне енгізілген салынған объектіні пайдалануға беру актісі; 5) жер учаскесінің (жер учаскесін сатып алуған жағдайда) кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, жеке басын куәландыратын құжат туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден талап етеді. |
|
|
11 |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 50-бабының 2-тармағының үшінші бөлігінде, 44-1-бабының 2-тармағының екінші бөлігінде және 44-2-бабының 6-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы. |
|
|
12 |
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы жеке кабинеті және бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777. |
|
|
|
«Құрылысты пайдалануға бергеннен кейін бұрын жалға берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша
Нысан
__________________әкіміне (облыс, қала, аудан, ауыл, кент, ауылдық округ) ____________________________ кімнен ______________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі не заңды ____________________________ тұлғаның толық атауы) ____________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі не бизнес-сәйкестендіру нөмірі) ____________________________ (жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның немесе өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері, ____________________________ байланыс телефоны (бар болса), ____________________________ орналасқан жерінің мекенжайы (заңды тұлғалар үшін) не ____________________________ тұрғылықты мекенжайы (жеке тұлғалар үшін))
|
||
Құрылысты пайдалануға бергеннен кейін бұрын жалға берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беруге өтініш
________________________________________________________________
(жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері), кадастрлық нөмірі)
мекенжайы бойынша орналасқан алаңы _____ гектар, _________________________________________________________________ үшін
(жер учаскесінің нысаналы мақсаты)
жер учаскесіне бұрын жалға берілген жер учаскесіне салынған объектіні пайдалануға енгізу актісінің негізінде жеке меншік құқығын беруіңізді сұраймын.
Дербес деректерімді және «Құрылысты пайдалануға бергеннен кейін бұрын жалға берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру» мемлекеттік қызметін алу үшін қажетті заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге келісім беремін. Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы туралы, сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз.
Жиналатын деректер тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі, электрондық почтасы, телефон нөмірі.
Көрсетілетін қызметті алушы
_______________________________________________________________
(жеке тұлғаның не заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
20__ жылғы «____» __________
«Құрылысты пайдалануға бергеннен
кейін бұрын жалға берілген жер
учаскесіне жеке меншік құқығын
беру» мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама
Құрметті ____________________________
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес, осы хабарламамен Сізге «Құрылысты пайдалануға бергеннен кейін бұрын жалға берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлаймыз, себебі: __________________________________________________________________
(бас тарту себептерін санамалау)
Бас тарту мәселесі бойынша тыңдау осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазыңыз):
__________________________________________________________________
(тыңдау өткізу күні мен уақыты, тыңдау өткізу орны (тәсілі): мекенжайы бойынша ғимаратта:/бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары арқылы)
Көрсетілетін қызметті беруші
___________________________________________________________________________________________________________________________________
(басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
20 жылғы « » ___________