Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті Онлайн бюджеттік мониторинг» модулі арқылы жалақы төлеудің жүргізілген мониторингінің нәтижелері
Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде бюджет қаражатының пайдаланылуын «Онлайн-бюджеттік мониторинг» модулін қолдана отырып, нақты уақыт режимінде бақылау жалғасуда.
«Онлайн-бюджеттік мониторингі» модулі білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және туризм салаларында қолданылады. Ол нақты уақыт режимінде бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын, соның ішінде еңбекақы төлеуді бақылауға мүмкіндік береді.
Ерекше назар қызметкерлерге негізсіз төлемдерді бүркемелеп,жалақы ретінде карт-шоттарға аударымдарды талдауға аударылады.
Тексерулер тәуекелдердің бар екенін бірқатар жағдайда көрсетті,бұл цифрлық мониторингті әрі қарай дамыту қажеттілігін дәлелдейді. Кешенді тәсіл мен заманауи технологиялар бюджет қаражатын бақылауды анағұрлым тиімді әрі ашық етеді.
Осылайша, Департамент 2026 жылғы 1 қаңтардан 30 қыркуйекке дейінгі кезеңде ОБМ арқылы еңбекақы төлемдерін мониторнгтеу жүргізіп, барлығы 43795 тәуекелді төлем бойынша барлығы 1671 хабарламалар жолданды оның ішінде:
- білім беру саласында 40499 тәуекелді төлем бойынша барлығы 931 хабарламалар;
- мәдениет саласында 3058 тәуекелді төлем бойынша барлығы 679 хабарламалар;
- денсаулық сақтау саласында 238 тәуекелді төлем бойынша барлығы 61 қою хаттары хабарламалар
Заңсыз төлемдер расталған 29 тәуекелді төлем бойынша қаражат мемлекеттік бюджетке қайтарылды.
Департамент мониторинг нысанының хабарламаны орындамаған және жоғары тәуекелдерді сақтаған жағдайында мемлекеттік аудит тағайындалады, оның қорытындысы бойынша жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
Құрметті Ақмола облысының мемлекеттік шығармашылық тапсырысына қатысушылар!
Балаларға арналған қосымша білім беруге бірыңғай мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы бірлескен бұйрыққа енгізілген өзгерістерге сәйкес қызмет алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып (шығармашылық және спорттық тапсырыстар, қосымша білім беруге арналған білім беру тапсырысы) (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Астана қ. 2026 ж. 03.09.2026 ж. № 241-НҚ, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі 08.09.2026 ж. № 166, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 08.09.2026 ж. № 421-НҚ, Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі 22.09.2026 ж. № 562/НҚ) Ақмола облысы пилоттық жобаға 2027 жылдың 01 қыркүйегіне дейін қосылды. Жоғарыда баяндалған бұйрыққа сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы, шығармашылық тапсырыс және спорттық тапсырыс бірыңғай мемлекеттік тапсырысқа (БМБ) біріктірілетін болады.
Осыған байланысты, Ақмола облысының білім басқармасы, Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы және Ақмола облысының мәдениет басқармасы барлық қолданыстағы деректерді біріктіріп, көшіру және кейіннен оларды бірыңғай мемлекеттік тапсырыс операторына беру бойынша жұмыс жүргізетін болады.
«Ақмола облысының мәдениет басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартының жобасын талқылаудың басталуы туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
«Ақмола облысының мәдениет басқармасы» ММ 2026 жылғы 23 - 30 қыркүйек аралығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартының жобасын талқылау басталғаны туралы хабарлайды.
Барлық мүдделі тұлғалар талқылауға қатысып, төмендегі сілтеме арқылы өтіп, пікір қалдыру жолымен өз ұсыныстары мен кері байланыстарын бере алады: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/article/details/247465?lang=ru
Талқылауға қатысу мәселелері бойынша Ақмола облысы мәдениет басқармасының мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жүзеге асыру жөніндегі бөлімнің бас маманы Нұрқанов Серік Ерденұлына келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады: 8-(716-2)-29-79-34; 29-79-20 (қабылдау бөлмесі).
Ақмола облысы бойынша мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекіту туралы қаулы жобасы әзірленді
Ақмола облысының мәдениет басқармасы «Ақмола облысы бойынша мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің қаулы жобасын әзірледі.
Жобаны қабылдау қажеттілігі мәдениет саласында мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыруға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ақмола облысы тұрғындары үшін мәдени қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге байланысты.
Жобада қаулыға қосымшаға сәйкес Ақмола облысы бойынша мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекіту көзделген.
Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ақмола облысының мәдениет басқармасы тарапынан жүзеге асырылатын болады.
Қаулының қабылдануы облыс тұрғындарының шығармашылық әлеуетін дамытуға және мәдени қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік шығармашылық тапсырыс шеңберіндегі іс-шараларды ұйымдастыру мен іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2026 жылғы 4 маусымда Ақмола облысының мәдениет басқармасы мемлекеттік органдардың ашықтығы мен айқындылығы қағидатын қамтамасыз ету мақсатында ведомстволық бағынысты мәдениет ұйымдарының қызметкерлері үшін "Ашық есік күнін"өткізді.
Іс-шара барысында қатысушылар мәдениет басқармасы бөлімдерінің жұмысымен, негізгі міндеттерімен, функцияларымен танысты.
«Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының ережелерімен, сондай-ақ Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексімен мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қойылатын талаптарға ерекше назар аударылды.
Соңында қатысушыларға бос жұмыс орындарының бар екендігі туралы мәліметтер жеткізіліп және мемлекеттік әкімшілік қызметке кіру тәртібі түсіндірілді.
«Алтын қақпа» — көрші қонған қазақ пен өзбек отбасының тағдырын тоғыстырған, күлкі мен ойға толы комедия. Ұл мен қыздың адал сезімі екі елдің ынтымағын бекемдеп, құдалық пен тойға дайындық басталған сәтте күтпеген жағдай орын алады — екі үйдің арасынан алтын табылады.
Кенеттен келген байлық көршілік қарым-қатынасты сынаққа салып, адамдардың мінезін, ниетін, пенделік пиғылын әшкерелейді. Алтын үшін болған әбігер, тартыс пен күлкілі жағдайлар арқылы спектакль көрерменді еріксіз күлдіріп қана қоймай, адамгершілік, татулық пен ынтымақ жайлы ой тастайды.
«Алтын қақпа» — әзіл арқылы өмір шындығын ашатын, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын әсерлі сахналық туынды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті "Онлайн бюджеттік мониторинг" модулі арқылы жалақы төлеудің жүргізілген мониторингінің нәтижелері
Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде бюджет қаражатының пайдаланылуын «Онлайн-бюджеттік мониторинг» модулін қолдана отырып, нақты уақыт режимінде бақылау жалғасуда.
«Онлайн-бюджеттік мониторингі» модулі білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және туризм салаларында қолданылады. Ол нақты уақыт режимінде бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын, соның ішінде еңбекақы төлеуді бақылауға мүмкіндік береді.
Ерекше назар қызметкерлерге негізсіз төлемдерді бүркемелеп,жалақы ретінде карт-шоттарға аударымдарды талдауға аударылады.
Тексерулер тәуекелдердің бар екенін бірқатар жағдайда көрсетті,бұл цифрлық мониторингті әрі қарай дамыту қажеттілігін дәлелдейді. Кешенді тәсіл мен заманауи технологиялар бюджет қаражатын бақылауды анағұрлым тиімді әрі ашық етеді.
Осылайша,Департамент 2026 жылғы 1 қаңтардан 12 наурызға дейінгі кезеңде ОБМ арқылы еңбекақы төлемдерін мониторнгтеу жүргізіп, барлығы 5280 тәуекелді төлем бойынша барлығы 288 хабарламалар жолданды оның ішінде:
- білім беру саласында 4773 тәуекелді төлем бойынша барлығы 169 хабарламалар;
- мәдениет саласында 412 тәуекелді төлем бойынша барлығы 98 хабарламалар;
- денсаулық сақтау саласында 67 тәуекелді төлем бойынша барлығы 17 қою хаттары хабарламалар;
- басқалар - 28 тәуекелді төлем бойынша барлығы 4 қою хаттары хабарламалар;
Департамент мониторинг нысанының хабарламаны орындамаған және жоғары тәуекелдерді сақтаған жағдайында мемлекеттік аудит тағайындалады, оның қорытындысы бойынша жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
«Ақмола облысының мәдениет басқармасы» ММ 2025 жылғы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді жария талқылаудың басталуы туралы хабарландыру
«Ақмола облысының мәдениет басқармасы» ММ 2026 жылғы 12 наурызда https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/report
«Ашық бюджеттер» интернет-порталында Ақмола облысының мәдениет басқармасының 2025 жылға арналған бюджеттік бағдарламаларының іске асырылуы туралы есептер жарияланды.
262 001 «Жергiлiктi деңгейде мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер».
https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/report/budget-program/3542935?editable=false
262 003 «Мәдени-демалыс жұмысын қолдау».
https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/report/budget-program/3542983?editable=false
262 005 «Тарихи-мәдени мұраны сақтауды және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету».
https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/report/budget-program/3543017?editable=false
262 007 «Театр және музыка өнерін қолдау».
https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/report/budget-program/3543063?editable=false
262 008 «Облыстық кiтапханалардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету».
https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/report/budget-program/3543129?editable=false
262 011 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары».
https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/report/budget-program/3543240?editable=false
262 032 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары».
https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/report/budget-program/3543332?editable=false
262 113 «Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер».
https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/report/budget-program/3543449?editable=false
Мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы жария талқылаулар
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 6-тармағына сәйкес жыл сайын көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет есептерінің жария талқылаулары өткізіледі. Жария талқылаулар көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге де арналған.
Ақмола облысы мәдениет басқармасының сайтында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/activities/17164?lang=kk бөлімінде 2025 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет нәтижелері туралы есеп орналастырылған.
Барлық тұрғындарды жария талқылауларға белсенді қатысып ұсыныстар немесе ескертулер болған жағдайда «Пікірлер» терезесінде білдірулеріңізді сұраймыз.
Жария талқылау өткiзiлетiн күнi — 2026 жылғы 1 наурыздан 30 наурыз аралығында