Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 2020 жылғы есебі

А. Сәбитова

Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 2020 жылғы есебі

 

  1. Жалпы ережелер
  • Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер

          2020 жылға арналған Ақмола облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебінде (бұдан әрі — басқарма) басқарманың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың (мемлекеттік архивтердің) көрсетілген мемлекеттік қызметтері бойынша мәліметтер енгізілген. Облыс бойынша  қызмет берушілердің жалпы саны 22.

 

2) Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпарат

— Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны: басқарма және мемлекеттік архивтер 4 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

— 3 қызметті басқарма көрсетеді.

— 1 қызметті мемлекеттік архивтер көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы; 3) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Қағаз немесе электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны:

1 – мемлекеттік қызмет электрондық нысанда көрсетіледі (толық автоматтандырылған); 3 – мемлекеттік қызметтер электрондық (ішінара)/қағаз нысанда көрсетіледі.

Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

2020 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің саны 22052 құрады (22049 – «Архивтік анықтамаларды, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру»):

– «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы — 1416;

– веб-портал арқылы www.e.gov.kz, www.elicense.kz – 15130 (оның ішінде: 15127 – «Архивтік анықтамаларды, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру»; 1 – «Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беруге өтінімдерді қабылдау»; 2 – «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру»); – Қызмет берушінің кеңсесі арқылы (мемлекеттік ахивтер) – 3791 (3789 – қағаз нысанда, 2 – электрондық пошта арқылы қабылданған электрондық нысанда).

Басқармада және мемлекеттік архивтерде «e-gov» өзіне-өзі қызмет көрсетудің 20 бұрышы орнатылған.

 

3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

«Архивтік анықтамаларды, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет анағұрлым сұранысқа ие болып табылады.

 

  1. Қызмет алушылармен жұмыс

 

        1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

        Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты басқарманың және мемлекеттік архивтердің (21 архив) стендтерінен алуға болады. Басқарма сайтында www.gov.kz сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша 1414.

        2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

        Басқарманың және мемлекеттік архивтердің қызметі туралы есептер басқарманың сайтында және әлеуметтік желілерінде орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.

        3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

        Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және қызмет алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында 2020 жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру бойынша 309 іс – шара өткізілді:

1) семинар – кеңес және «дөңгелек үстел» – 168; 2) мемлекеттік орган (ведомстволық бағынысты ұйым) қызметкерлерінің БАҚ-та мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша сөз сөйлеуі – 115; 3) әлеуметтік желілерде: Instagram, Facebook, Вконтакте (парақшада 1000-нан астам жазылушы бар) – 24; 4) теледидарда – 2.

                                                                                                       

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

 

1) 2020 жылы «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметті орындау бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері:

– 15130 (оның ішінде: 15127 – «Архивтік анықтамаларды, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру»; 1 – «Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беруге өтінімдер қабылдау»; 2 – «Мемориалдық тақта орнатуға рұқсат беру»).

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

2020 жылы облыс мемлекеттік архивтерінің 29 қызметкері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалында біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

 

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар тіркелген жоқ.

 

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері:

Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы архивтер жұмысын қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасының сақталуына ішкі бақылауды қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы Егіндікөл ауданы, Ақкөл, Жарқайың, Есіл ауданы, Біржан сал ауданы, Аршалы ауданы мемлекеттік архивтерінде 6 бақылау іс-шарасын өткізді. Іс – шараны өткізу мақсаты-мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру. Тіркеу журналдарына, берілген архивтік анықтамаларға олардағы ақпараттың бастапқы құжаттарға сәйкестігіне, сондай-ақ жауаптардың толықтығы мен дұрыстығына тексеру жүргізілді. «Архивтік анықтамаларды, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін орындау мерзімдерінің бұзылуын және мәліметтердің сәйкес келмеуін тексеру барысында тексерілген архивтік анықтамаларда анықталған жоқ.

 

Тексеру нәтижесі бойынша мемлекеттік архивтердің директорлары мен мамандарына ұсынымдар берілді:

  1. Әлеуметтік желілерде бейнероликтер орналастыру, акциялар өткізу және халықпен кездесулер өткізу жолымен «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұлғайту бойынша ақпараттық жұмысты жалғастыру. 2. «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Басқармаға сапалы және дұрыс ақпарат ұсыну. 3. Архивтік анықтамаларды құрастыру кезінде нормативтік актілерді басшылыққа алу, ақпараттың бұрмалануына жол бермеу, осы жұмыс учаскесіне үнемі бақылау жасау. 4. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 4-баптың 3-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының құқықтарын түсіндіру, көрсетілетін қызметті алушылардың көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану құқықтарын көрсету. 5. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын» ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізу.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

 

Азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеуде, оның ішінде қағазбастылық пен бюрократизм фактілерінің жолын кесу, ашықтық саясатын қалыптастыру мақсатында кәсіби тәсілді қолдану, сондай-ақ ЭҮП арқылы «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін алу туралы халықты хабардар ету («электрондық үкімет» порталын танымал ету үшін БАҚ, әлеуметтік желілер және т.б. арқылы халықты хабардар етуді жүргізу).

 

Басқарма басшысы                              

Дата публикации
25 февраля 2021
Дата обновления
25 февраля 2021
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

Ережелер мен рәсімдер
22 сентября 2026
«Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТЫ
Хабарлама
25 июня 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ «Ақмола облысының мәдениет басқармасы» ММ cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталуы туралы
Ақпарат
26 мая 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ «Ақмола облысының мәдениет басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы