Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысының мәдениет басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2024 жылғы есебі

Ақмола облысының мәдениет басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2024 жылғы есебі

 

  1. Жалпы ережелер:

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:

«Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) жүктелген функцияларға сәйкес Ақмола облысының аумағында мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады.

Басқарманың орналасқан жері: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 218.

Басқарма басшысы – Сәбитова Айгүл Баубекқызы.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Мемлекеттік қызметтер саны - 3:

- «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру»;

- «Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беруге өтінімдерді қабылдау»;

- «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру».

Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

Халық үшін электрондық қызметтердің қолжетімділігі мақсатында басқарма ғимараттарында өтініш берушілердің өз бетінше қызметтер алуы үшін Интернетке шығу және порталға кіру мүмкіндігімен өзіне-өзі қызмет көрсетудің 1 бұрышы жұмыс істейді «egov.kz» (Сonnection Point).

3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

2024 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 12. Олардың ішінде ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

- «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» - 9;

- «Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беруге өтінімдерді қабылдау» - 3;

- «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» - 0.

  1. Қызмет алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Басқарманың интернет-ресурсынан: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/activities/services?lang=kk, телефондар: 8(7162)-29-79-34, 29-79-24, 29-79-26, «электрондық үкімет» және «е-лицензиялау» веб-порталдарында - www.egov.kz және www.elisense.kz және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 немесе 8-800-080-7777 телефоны бойынша алуға болады.

Сондай-ақ, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 218, 2-қабат мекенжайы бойынша орналасқан басқарма ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттық стендтер орналастырылған.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат:

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары жария талқылауға шығарылмады.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар):

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған халық арасында түсіндіру жұмысы бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде әлеуметтік желілер беттерінде жарияланымдар мен сөз сөйлеулерді ұйымдастыру арқылы жүргізіледі.

2024 жылы әлеуметтік желілерде 81 жарияланым жарияланды және 6 тікелей эфир өткізілді. 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері:

Барлық көрсетілетін мемлекеттік қызметтер процестер автоматтандырылған.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар:

Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру мақсатында басқарма қызметкерлері тұрақты негізде біліктілікті арттыру бойынша іс-шараларға қатысады.

Мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты мамандар тиісті Заңдарды, қағидаларды, әдістемелік ұсынымдарды, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін зерделеу арқылы өздерінің білім деңгейін арттырады.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру болып табылады:

2024 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілмеді.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат:

2024 жылы басқарманың атына қызмет алушылардан қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» 56-тармағына сәйкес тоқсан сайын мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы бойынша ішкі бақылау жүргізілуде.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері:

2024 жылы уәкілетті орган басқармада мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жүргізбеген.

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері:

2024 жылы басқарма көрсететін мемлекеттік қызметтер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілмеген.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру:

Басқарма тұрақты негізде қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік қызмет көрсету туралы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, халық арасында, оның ішінде БАҚ, интернет-ресурстар және әлеуметтік желілер арқылы, сондай-ақ брифингтер мен семинарларға қатысу арқылы мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша шаралар қабылдауда.

 

 

Дата публикации
25 февраля 2025
Дата обновления
25 февраля 2025
Тип

Сейчас читают

Ережелер мен рәсімдер
22 сентября 2026
«Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТЫ
Хабарлама
25 июня 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ «Ақмола облысының мәдениет басқармасы» ММ cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталуы туралы
Ақпарат
26 мая 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ «Ақмола облысының мәдениет басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы