Меню

Страницы

Статья

Мәлік Ғабдуллин музейі

Кеңес Одағының Батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткерi Мәлiк Ғабдуллин музейі Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 07.05.1993 жылға қарасты № 465 қаулысына сәйкес және 1995 жылдың 4-қыркүйегiне қарасты № 1-39 Көкшетау облысы әкiмiнiң жарлығына байланысты Батыр атамыздың 80-жылдығына орай ашылды.

2004 жылы 116 жыл болған музейдің ескi ғимараты пайдалануға жарамсыз деп танылды. Ақмола облысы әкiмдiгi музей ғимаратын қайта салу жөнiнде шешiм қабылдады.

2005 жылдың 19 тамызында жаңа музей салтанатты түрде ашылуына сол кезде Ақмола облысында қызмет бабымен iс-сапарда болған Республикамыздың Президентi Н.Ә.Назарбаев қатысып,  М.Ғабдуллин ескерткiшiне гүл шоқтарын қойып, Батыр аруағына тағзым еттi.

«Мәлiк Ғабдуллин музейi» МКМ қызметiнiң негiзгi мақсаты — Кеңес Одағының Батыры, академик, қоғам қайраткерi М.Ғабдуллиннiң тұлғасы арқылы өскелең ұрпаққа Отан қорғау жауапкершiлiгiн ұқтыру, батыр бабаларымыздың ерлiк дәстүрiн насихаттау, этнопедагогикалық бағыттағы насихат жұмыстарын жандандыру арқылы жаңа қазақстандық патриотизмдi қалыптастыру.

Музей қорында 7 мыңнан астам жәдiгерлер сақталынуда. Автоматтандырылған музей жүйесіне (АС музей) 7 мыңнан астам жәдігер енгізілген. 

Дата публикации
11 февраля 2025
Дата обновления
11 февраля 2025
Тип

Сейчас читают

Ережелер мен рәсімдер
22 сентября 2026
«Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТЫ
Хабарлама
25 июня 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ «Ақмола облысының мәдениет басқармасы» ММ cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталуы туралы
Ақпарат
26 мая 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ «Ақмола облысының мәдениет басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы