Меню

Страницы

Статья

Әдебиет және өнер музейі

Қазақ ССР Министерлер Кеңесiнiң 1989 жылғы 20-қаңтарында шыққан №14-шi қаулысы негiзiнде ұйымдастырыла бастаған «Әдебиет және өнер» музейі 1993 жылдың 22-шiлдесiнен бастап көпшiлiктiң мәдени-рухани игiлiгiне қызмет жасап келедi. Аталмыш мұражай Көкшетау-Ақмола өңiрi тумаларын ғана емес, елiмiзге танымал басқа да ақын-жазушылардың, сал-серiлердiң, өнер-қайраткерлерiнiң өмiр мен шығарма- шылығын жинақтап, зерттейтiн бiрден-бiр ғылыми орталық болып табылады.

Павлодардағы Бұхар жырау атындағы «Әдебиет және өнер» мұражайын қосқанда, мұндай мазмұндық-құрылымдағы музейдің саны республикамызда екеу екендiгi бiз үшiн мақтаныш.

Музей қорында 10 мыңнан астам жәдiгерлер сақталынуда. Автоматтандырылған музей жүйесіне (АС музей) 8 мыңнан астам жәдігер енгізілген. Көкшетау қаласындағы «Әдебиет және өнер» музейі бес бағыт бойынша жұмыс атқарады: фольклор, қазiргi дәуiр әдебиетi, өнер, көпшiлiк-саяхат және қор бөлiмi. Музейдiң негiзгi қорында аспандағы аққу құстан ән оздырған атақты сал-серiлер Бiржан салдың, Ақан серiнiң, Үкiлi Ыбырайдың, Балуан Шолақтың жеке заттары, Көкше өңiрiнде туып өскен белгiлi ақын-жазушылар, әдебиеттанушы ғалымдар Жұмағали Саинның, Есмағамбет Ысмайловтың, Көкен Шәкеевтiң, Мұса Асайыновтың, Сәкен Жүнiсовтiң, Естай Мырзахметовтiң, Тұрсынбек Кәкiшевтiң жеке бұйымдары, қол жазбалары, әдеби шығармалары, тарихи фотосуреттерi сақталынған. Ең құнды жәдiгерлердiң қатарында Қожа Ахмет Иассауидiң «Диуани хикмет» кiтабының ортағасырлық көшiрмесi, Қарауыл Қанай бидiң саптыаяғы, XVIII ғасырдағы батырдың су iшкен құтысы, Ақан серiнiң Темiрбек ұста жасаған адалбақаны, Ақанның ән ғұмырына айналған Ақтоқтының айнасы және iс тiгетiн «Зингер» машинасы, Ақтоқтыдан туған Жалмұқанның баласы Сұлтанның домбырасы тағы басқалар бар. Қазақ халқының өткен ғасырлардағы көшпелi өмiр тiршiлiгiнiң айнымас бөлшегiне айналған музыкалық ұлттық аспап түрлерi, зергерлiк әшекей бұйымдар, ағаштан, терiден жасаған тұрмыстық көне заттар да музейдің құнды жәдiгерлерi болып табылады.

Дата публикации
11 февраля 2025
Дата обновления
11 февраля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ережелер мен рәсімдер
22 сентября 2026
«Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТЫ
Хабарлама
25 июня 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ «Ақмола облысының мәдениет басқармасы» ММ cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталуы туралы
Ақпарат
26 мая 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ «Ақмола облысының мәдениет басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы